Өңірімізге арнайы іссапармен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына биылғы 5-ақпандағы Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық топтың мүшесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қуат Бораш Маңғыстау облысының зиялы қауымымен, білім беру саласының қызметкерлерімен, студенттермен кездесу өткізді.
Жаңа Жолдауы аясында жаңа қазақ әліпбиіне көшу мәселелерін түсіндіруге арналған жиында Қуат Қаһарманұлы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 26-қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың 2018 жылғы «Қазақ тілі әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Өкімін орындау мақсатында республика көлемінде атқарылып жатқан іс-шаралар, қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері жобасын әзірлеу бағытындағы жұмыстар мен жұмыс топтары жөнінде баяндады.
Кездесуге қатысушылар жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері туралы кеңінен мағлұмат алып, латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу мәселесінің маңыздылығын талқылап, өз ой-ұсыныстарын ортаға салды.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА