Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов электромобильдеріне арналған алғашқы электр қуаттандыру станциясының ашылу салтанатына қатысты. Ш.Есенов университетінің бас корпусының алдында орнатылған 2 станция аталмыш оқу ордасы ғалымдарының еңбегімен жасақталған. Олардың толық зарядтау циклі не бары үш сағатты құрайды. Электромобильдер университеттің ішкі жұмыстары үшін алынған.
Сондай-ақ облыс әкімі Yessenov University қабырғасында өткен «I Халықаралық Есенов оқуларына» қатысты. Іс-шараға 2007 ж. Нобель сыйлығының лауреаты Раджендра Кумар Пачаури, Путра университетінің (Малайзия) коммуникациялық технологиялар және желі кафедрасының, компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар факультетінің профессоры Мохамед Бин Отман құрметті қонақ болып қатысты.
Есенов оқулары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру аясында өткізіледі. Студенттер мен жас ғалымдар үшін «Цифрлық Қазақстан: Ақпараттық жүйелер және энергетика», «Каспий конвенциясы: аймақтың саяси-құқықтық даму үрдістері» және т.б. тақырыптар бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Сонымен қатар университет студенттері үшін «Yessenov University үздік стартап жобасы» байқауы өтеді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Шетпеден шыққан шаңШара барысында Yessenov University ректоры Берік Ахметов аймақ басшысына аударылмалы сынып технологиясын таныстырды. Бұл оқу орнының студенттері дәрістерге келмей, барлық сабақтарды интернеттегі арнайы арнадан көре алады. Дәрістің орнына олар семинарларға қатысып, үй тапсырмаларын тәжірибе жүзінде орындай алады.
Сонымен қатар Ералы Тоғжанов ситуациялық орталықты аралап көрді. Оған студенттердің сабаққа қатысуы туралы, олардың үлгерімі туралы барлық ақпарат шығарылады әрі оқу орнының барлық ғимараты бойынша орнатылған 400 камераның көмегімен университеттің қауіпсіздігі бақыланады.
Өз хабаршымыз Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="63873,63874,63872"]