Мемлекеттік тіліміздің абыройын асқақтатып, мәртебесін үш тілде дамыту —заман талабына орай алға қойылған басты міндеттердің бірі. Осы орайда елімізде «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жүзеге асырылуда.
Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы аталмыш бағдарама аясында ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттік тілді меңгеруді қамтамасыз етудің тиімді тәсілдеріне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлеріне қазақ және ағылшын тілдерін қоса тегін оқыту курстарын ұйымдастырды. Курсқа барлығы 350 адам қатысты. Қазан айында курс толық аяқталып, курсқа қатысушыларға оқу қорытындысы бойынша білім деңгейлеріне қарай сертификаттар табысталды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ұстаздарға нық сенім ұялатты«Болашақ» колледжінің мәжіліс залында сертификат тапсыруға арналған салтанатты шараны тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыстар бөлімінің басшысы Айгүл Ықыласқызы құттықтау сөзбен ашты.
- Бұл курс 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр, - деді ол. - 2015 жылы–180 адам, ал 2016 жылы–250, 2017 жылы–300 адам тілді оқыту курстарынан өткен болатын. Биыл 350 адамға жетті. Келесі жылы да аталған курс жалғасын табатын болады.
Тіл үйреніп, білімін жетілдірген қызметкерлерге құтты болсын айтқан Айгүл Ықыласқызы оларға сертификаттар табыстады.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА