©
Еліміздің батыс өңірі – қара алтынға бай аймақтардың бірі. Бұл мекенде мұнай өндіру ісі бір сәтке де бәсеңдеген емес. Дегенмен аталған саладағы шешімін таппаған кейбір мәселелерге көз жүгіртіп көрсек. Мәселен, мұнайшылардың еңбек ақылары тиісті деңгейде төленбей тұрғанын айта кеткен жөн.
Осы ретте «ҚазМұнайГаз» ҰК құрамына кіретін «Маңғыстауэнергомұнай», «Мұнайтелеком», «Oil Services Company», «Oil Construction Company», «Oil Transport Corporation» компаниялары мұнайшылардың жалақысын реттеу мақсатында жаңа бағдарламаны қолға алды. Бұл – қазіргі таңдағы мұнай саласындағы қызметкерлердің әл-ауқатын дұрыстап, тұрмысын жақсартуға бағытталған бағдарлама. Еңбек ұжымының көпшілігі ҚМГ ұсынып отырған осы жобаны мақұлдап, тиімділігін тілге тиек етуде. Бағдарламаның күтілетін нәтижесіне зер салсақ.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қарақияның бүгінгі келбеті мен келешегі қандай?Біріншіден, табыс әкелмейтін кәсіптің қызметкері ерікті түрде әкімшілікке жүгініп, 5 жыл үшін жалақының 50% мөлшерінде өтемақы алуына болады. Екіншіден, жұмысшылардың әлеуметтік деңгейін көтеру, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту, несиелерді жабу немесе өзінің жеке бизнесін ашу мүмкіндігі туады.
«5/50» бағдарламасы аясында мұнай-сервис компанияларының басшылығы қызметтің бейінді емес түрлерін жеке секторға шығарып, жұмыстан босатылған қызметкерлерді сонда жұмысқа орналастыруда және қажетті шараларды атқаруда. Осы арқылы еліміздің мұнай өндірісіне қарқын қосылады деген сенім бар.
Жайық НАҒЫМАШ