©
Елімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Нұр Отан» партиясының бағдарламасы бойынша мектептерде ІТ сыныптары ашылып жатқаны белгілі.
Осыған орай 21 қыркүйек күні Бейнеу лицейінде ІТ сыныбының ашылу салтанаты болды. Бұған дейін Бейнеу гимназиясында ашылған болатын. Бұл шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Е.Бектілеуов, БАҚ өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты.
Сыныптың ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Демократұлы мен «Нұр Отан» партиясының мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты Ш.Азанов құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі. Содан соң олар ІТ сыныбының тұсау кесер рәсімін жасады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ұлттар достығы балабақшадан басталадыСалтанатты шараға қатысушылар лицейдің робототехниканы оқып, үйреніп жүрген оқушыларының өздері жасаған робототехникаларының жұмыстарымен танысты. Шарада лицейде жаңа технология бағдарлама ларын меңгеріп жүрген жас талант, облыстық робототехника көрмелерінің жеңімпазы, 9 сынып оқушысы Батырбек Тінеев жаңа ІТ сыныбының ашылуын көптен күтіп жүрген ойарманын жеткізіп, қуанышын бөлісіп, алғысын айтты. Шара соңында лицей директоры Г.Азанова жаңа сыныптың ашылуы оқушыларға жаңа технологияларды меңгеруіне мол мүмкіндіктер ашып, жетістіктерге жеткізетініне сенім білдірді.
К. Шерубайұлы