Маңғыстауда марафондық эстафета түрінде бастау алған акция Сарға ауылында жалғасын тапты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарын күшейту, жас ұрпақ пен барша қоғамды осы дерттен аулақ болуға шақыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себебімен күреске бас мән беру мақсатындағы осы марафонға қатысушылар ауыл көшелерімен және "Бейнеу-Атырау" автокөлік жолымен автокөліктер және мотоциклмен шеру жасады. Сонымен қатар ауыл әкімі Марат Болысов шараның мақсатын түсіндіріп, бұл акция Бейнеу ауданында шілде айында өтетіндігін айтып өтті. Жыл бойына жалғасатын "Адал жол" акциясы аясында барлық сала қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әртүрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастыру жоспарланған.
Бұл шара Ақтау қаласынан бастау алып, Түпқараған және Маңғыстау аудандарында өткізілді. Берекелі бейнеуліктер акцияны Маңғыстау ауданынан қабылдап алған болатын. Акция аясында ауданымызда, ауылдық әкімдіктерде және мекеме, кәсіпорындарда әртүрлі спорттық және мәдени шаралар өткізілетін болады.
Анықтама ретінде республикалық деңгейде жүріп жатқан "Адал жол" акциясы 9-желтоқсан күні - сыбайлас жемқорлықпен күрес күні Астанада, ал облыстық деңгейдегі шаралар Ақтау қаласында қорытындыланады.
Х.ЖҰМАШЕВ жетекші маман