©
Ауруын жасырған... Иә, бұл қазекеңнен сөз қалған ба? Десе де кейінгі кездері қоғам ішінде жан-жақты талқыланып жатқан мәселе мұнайдың құны екені мәлім. Құдайдың құтты күні құн қабағын бағып отырған жайымызды кімнен жасырамыз? Осы орайда қылтиып тағы бір мәселнің құлағы шығады. Ол –мұнайшылар. Дағдарыстың тісі батқалы отандық мұнай компанияларының жағдайы мәз емес. Миллиардтаған шығындарды ауыздықтау қиынның қиыны. Қисынын қалай таппақпыз.
Мұнай құнының құлауы айсбергтің шыңы ғана. Ең сорақысы – сол шикізат өніміне деген сұраныстың төмендеуі. Мәселен 2016 жылдан бері отандық мұнайға деген сұраныс 23 пайызға азайған. Сұраныс болмаған соң табыс құлайды. Табысы бәсең компания бәсекеге қабілетсіз келмейді ме?
Соңғы 4 жыл ішінде «ҚМГ» мұнайсервистің (МС) шығынды компанияларына 121,4 млрд. теңге мөлшерінде қаржылық қолдау көрсеткен. Себебі «ҚазМұнайГазға» күні қараған кіші компаниялар бұл күнде рентабельді емес. Оларды жабу – мұнайшыларды жұмыссыз қалдыру. Ал егер ештеңені өзгертпесе, таяудағы бес жылға тағы 160 млрд.теңгеге жуық талап етіледі және бұл тозған жабдықты қолдауға арналған шығыстарды ескермегенде.
Аталмыш алапат қаржының 80 пайызы жұмысшылардың жалақысына бағытталған. Қисапқа салса оңай шығын еместігін байқайсыз.
Р.САҒЫНДЫҚОВ