Жаңаөзенде Қазақстан Республикасы Ұлттық Гвардиясының 5548 әскери бөлімінің жас күзетшілері әскери ант қабылдап, мемлекеттің толыққанды қорғаушылары болды.
Отан алдындағы борыштарын өтеуге, Қызылорда және Алматы облысынан келген 117 жас сарбаз ант қабылдады. Олар үш апта жас жауынгер курсынан өтіп, әскери өмірдің алғашқы және негізгі оқу ату жаттығуларын оқыды.
Енді, міне, 5548 әскери бөлімінің жеке құрамы үшін ең маңызды сәт те келіп жетті. Жас сарбаздар қатарға жиналған күйде тік тұрып, жинала қалды. Кешегі ойнап жүрген балалар бүгін де қолдарына қару ұстап, мемлекеттік тілде Отанға және Қазақстан халқына деген адалдық антын қабылдады. Ант қабылдау олардың өміріндегі ең маңызды және ұмытылмас әскери рәсімдердің бірі болып табылады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Автобуста абай жүрСалтанатты шараға тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары, полковник Берік Омаров, 5548 әскери бөлімінің командирі подполковник Марат Рахпанов, Жаңаөзен қаласы ІІБ бастығы полиция полковнигі Болатбек Ақшауов, қалалық мүгедектер және ауған соғысының ардагерлері қоғамының төрағасы Сәтпай Құлсариев және қала тұрғындары мен сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Осындай маңызды күнде 5548 әскери бөлімінің командирі Марат Рахпанов сарбаздарға сәттілік тілеп, ата-аналарға құттықтау сөзін жеткізді. «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары, полковник Берік Омаров Отанға ант ете отырып, қоғам мен мемлекет алдында жауапты екенін, өз міндеттері мен қабылдаған антына адал болуы қажет екенін атап өтті.
Айтолқын МЕҢДІБАЕВА