Жуырда «Бейнеу» бөбекжайының іргесі бекіп, құрылғанына 20 жыл толуына байланысты мерекелік шара өткізілді. Шараға ардагер тәрбиеші-ұстаздар, мекеме қызметкерлері, бөбекжай директорлары, балабақшаның ең алғашқы және кейінгі жылдардағы бітірген түлектері қатысты.
Мерекелік шараны аудандық білім бөлімінің басшысы Б. Демократұлы құттықтау сөз сөйлеп, мекеме басшысына аудан әкімі Б.Әбіловтың Құттықтауын, бөбекжайдың ардагер ұстаздарына облыстық білім басқармасының Алғыс хатын және бөбекжай директорларына білім бөлімінің Алғыс хатын табыстады.
Салтанатты шара үш тұғырлы тілде жүргізілді. Бөбекжайдың республикалық және облыстық байқаулардан жеңімпаз боп жүрген өнерлі де дарынды тәрбиеленушілері әуелете ән айтып, жыр-шумақтарын арнап, әр түрлі би өнерлерін көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй, шаттық сыйлады. Бітіріп кеткен түлектер ұстаздарына арнау өлеңдерін оқып, ән шырқап, сағына қауышқан тәрбиешілерімен ортада вальс биін биледі. Ұжымдағы барлық педагогтардың орындауында «Ұстазым» әні орындалды. Балабақшаның іргесі қаланғаннан бергі тарихы туралы және осы мекемеде қызмет атқаратын қызметкерлердің жетістерінен сыр шертетін «Тарих толқынында» атты бейнекөрсетілім көпшілік назарына ұсынылды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Каспий теңізінде екі балықшы құтқарылдыКеш барысында Дәметкен Байқазаққызы осындай игі шараның өткізілуіне атсалысқан педагогтарға, кешке келген ардагер ұстаздар мен балабақша басшыларына өз лебізін білдіріп, ризашылығын білдірді.
Мерекелік концерттің соңында көрермендер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балабақшада балалардың ақылын, ой-өрісін дамытуға арналған «Сенсорикалық кабинетпен» бірге, жақында бөбекжай ішінде іске қосылған авторы мекеме директоры Д.Ақшабаеваның «Аспан әлемі» жобасын және рухани жаңғыру бағытында дайындалған көрмені тамашалады.
Үміт ҚАЗДАЕВА