Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойы мен Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы аясында Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде қала лагерлерінде демалып жатқан балалар үшін арнайы ойын-сауық шаралары ұйымдастырылуда. Маусым айының басында бірнеше лагерден келген балалар кешеннің шығармашылық ұжымдары ұсынған шараларға қатысты.
Лагерлерге арналған бұл шара үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде балдырғандар «Айға ұшқан Түкбілмес» театрландырылған қойылымын, «Бремен музыканттары» интермедиясын және концерттік бағдарламаны тамашаған болатын. Бұл концерттік бағдарлама барысында балалар викториналық ойындарды ойнап, әдебиетке, тарихқа байланысты қызықты сұрақтар қойылады. Концерт сонысымен ерекше.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Аққан жұлдыз – рух жаңғырығы (Зәкария Сағындықұлының 125 жылдығына орай)Алдағы уақытта бұл шара жаз бойы жалғасып, оқушыларды әрі қарай қуанышқа кенелте бермек. Сондай-ақ Ақтау тұрғындары лагерге бармайтын балаларымен бірге Абай атындағы мәдени-демалыс кешеніне келіп, жазғы шараға қатысуына болады. Мұны балаларға жақсы көңіл-күй сыйлаудың бір әдісі деуге болатын шығар.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="56563,56562,56564"]