©
Маңғыстау облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Aktau Palace» мейрамханасында облыс әкімінің қатысуымен «Жас түлек - 2018» атты биылғы мектеп бітірушілердің арасынан «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлеріне арналған кеш өтті.
Кеш басталмай тұрып Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Төлеубаевадан кештің өту мақсаты мен маңызын сұраған болатынбыз: «Былтырғы жылмен салыстырғанда қаламызда «Алтын белгі» иегерлерінің саны біршама өсті, былтыр 20 болса, биыл 47-ге жеткіздік. Бұл – үлкен жетістік. Қала бойынша биыл бітірген түлектер саны – 1436, оның 1132-сі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқалы жатыр. Республикалық пән олимпиада сының бас жүлдесін 2 түлегіміз иеленді. Мектеп бітірушілер арманына сүрінбей жетіп, заңғар биіктерден көріне беруіне тілек теспіз!» – деп ізгі ниетін танытты.
Кешке қызу дайындықты түлектердің жанарынан аңғардық. Арнайы мерекелік дастархан басына жиналып, шараны жас түлектердің қатысуымен болған вальс биімен ашқан соң, облыс әкімі Ералы Тоғжанов үздік бітірген жастар мен ұстаздарға жылы лебізін білдірді:
«Бұл жерге жиылған түлек тердің бәрі – облысымыздың үздіктері. Былтырғы жылмен салыстырғанда үлкен жетістіктерді бағындырған биылғы мектеп бітірушілерге, білімі мен тәлімін қоса берген ұзтаздарға өз атымнан үлкен алғыс айтамын! Елбасымыз айтқандай халқымыздың келешек бақытты ғұмыр кешуі сіздердің қолдарыңызда. Жалпы Маңғыстау облысы білім саласынан соңғы жылдарда алға ілгерілеп келеді. Бұл сендердің үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамдарың, сол қадамдарың нық болсын. Шетелдегі беделді оқу орындарына да түсіп жатқан облыс жастары жетерлік.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстаудың медицина қызметкерлері марапатталдыЦифрлық оқу саласы қа зіргі кезеңде біздің ел үшін өте қажет мамандықтардың легі, алайда ақсап жатқан жерлеріміз де жетерлік. Орны толмағанды толтыру – сендерге жүктелген міндет. Тіліміз, дініміз, діліміз – ұлтымызды аман сақтаудағы басты құндылығымыз. Келешекте дүниежүзілік арена да қазақтың туын желбірететін де сендер! Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің біраз биіктерге көтерілгенін байқап та жүрміз, сол биікте тұрақтап қалмай, одан әрі дөңгелетіп алып жүретін де сендер. Біздің байлығымыз тек мұнай емес, мұнай өндірісті дамыту үшін қажет шикізат қана, нағыз байлық – халқымыздың саулығы, жастардың білімі, ғалымның ілімі. Тағы бір ескеретін, жастардың жадында жүрер дүние – шағын және орта бизнесті жүйелі түрде қолға алу. Елдің өзін-өзі қамтамасыз етер тұсы сол. Сөзімді қорытындылай келе, басты ниетім түлектердің жолы ақ болып, мақсаттары орындала бергей!» – деді.
Мұнымен қоса облыс әкімі өндірістік салаға көп жастардың бара бермейтінін, қайта келешек жарқын күндердің аталған салада екенін ұғып, түлектердің ақпаратқа қанығуы керегін айтты. Мектеп бітірушілерді қанаттандыру мақсатында облыс басшысы «Алтын белгі» иегерлеріне 60 мың, «Үздік аттестат» еншілеген жастарға 40 мың теңгеден сыйақы таратып, арнайы алғыс хаттар табыс етті. Кеш соңына дейін түрлі лебіздер айтылып, ән мен күйге еліткен концерттік бағдарлама да назардан тыс қалмады.
Ел ертеңін жандандыратын – жас буын. «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деп ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз айтқандай, жас түлектеріміздің тәрбиелі де ибалы, білімге құмар, ғылымға ынтызар болып қазақты нұрлы келешекке бастарына сенім кәміл. Жолың оңынан болсын, жас түлек!
Мадияр ТӨЛЕУОВ Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ