«Батыс» өңірлік қолбасшылығында әскери қызметшілердің жаппай мамандық бойынша даярлығы басталды. Қазір Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарының барлық санаттағы әскери қызметшілерімен мамандық бойынша даярлық сабақтары өтіп жатыр. Бұл кейде жеке дайындық деп те аталғанымен, әр әскери бөлімнің командирлері мен сержанттарының бастамасымен өткізілетін ауқымды іс-шаралардың бірі.
- Мамандық бойынша даярлықтың басты мақсаты – жеке құрамның өзінің лауазымына сәйкес міндеттерін оқу және жеке қаруы мен әскери техникасының мүмкіндіктерін, оны пайдалану тәртібін үйрену болып табылады, - дейді 25744-әскери бөлімінің командирі Бағлан Үсербаев. - Жеке құрамды сапалы оқыту мақсатында, алдын ала 400-ге жуық нұсқаушылар дайындалып, оқу топтары құрылған болатын. Бұл топтарда 100-ге жуық әскери мамандар оқытылып жатыр. Осы арада әскери қызметшілердің алдына басты бес тапсырма қойылған болатын. Олар: штаттық қарудың пайдалану тәртібін білу, оның техникалық мүмкіндіктерін оқу, қаруды ұрысқа келтіруді үйрену, пайда болуы мүмкін ақауларды шешу және өз мамандығына сәйкес нормативтерді орындай алу.
Мамандық бойынша даярлық маусым айының соңыңда аяқталады. Дайындықтың қортынды бағасын, әдеттегідей Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штаб бастығының инспециясы қойыа, бағалайды.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: ҰБТ – білім сапасының басты көрсеткіші [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="56500,56499,56501"]