©
Қарақия аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарының ұйымдастыруымен аудандық ұлттық сараптау орталығы дәрігерлерінің және аудандық орталық аурухана дәрігерлерінің қатысуларымен семинар өткізілді.
Семинарда арнайы мамандар көктем-жаз мезгілінде топтасқан жіті ішек ауруларының және менингококк инфекциясының алдын алу шараларын медицина қызметкерлеріне кеңінен түсіндіріп өтті. Семинар барысында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы А.Лепесова тамақтан улану мен жедел ішек ауруларын алдын алу шаралары бойынша, сондай-ақ «Ботулизм» ауруының алдын алу туралы мәселелерді түсіндіре отырып, ой-пікірлерін ортаға салды. Бұдан соң аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы А.Бакиева Менингококк инфекциясының алдын алу бойынша індетке қарсы іс- шаралары туралы баяндама жасады. Жіті ішек инфекциялары мен тамақтан улану және менингококк инфекциясының клиникалары, диагностикалары мен емдеу шаралары туралы аудандық орталық аурухана,балалар бөлімінің меңгерушісі және жұқпалы аурулар бөлімінің дәрігері Н.Хасанов емдеу шаралары туралы баяндама жасап, медицина қызметкерлеріне жеткізе отырды. Сонымен қатар семинар соңында қатысушыларға жіті ішек инфекциялары және менингококк инфекциясының бактериологиялық диагностикасы туралы түсіндірілді. Сондай-ақ зертханалық тексеруге материалды алу, сақтау, тасымалдау тәртібі жөнінде айтылды.
Майра ТӨЛЕУОВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: ҰБТ – білім сапасының басты көрсеткіші