©
Бүгін Маңғыстау облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтары басталды. Бүгін сағат 06.30-да комиссия мүшелері сұрақтар пакетін ресми түрде ашты.
«Маңғыстау облысында ҰБТ тапсыруға 4167 өтініш тіркелді. Бұл жалпы бітірушілер санының 74 пайызын құрайды. Былтыр тест тапсырушылар саны 3600 болған», — деген болатын облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қойжанов.
Маңғыстау өлкесінде ұлттық бірыңғай тестілеу өткізетін 4 пункт бар. Олардың бірі Ақтау қаласында Ш.Есенов атынағы КМТжИ университетінде орналасқан. Мұнда тестілеу Ақтау қаласы бойынша 21-27 маусым аралығында өтпек. 21-23 маусым аралығында Бейнеу ауданы Күйкен орта мектебінде, 21-25 маусымда Жаңаөзен қаласындағы № 19 орта мектепте, ал Маңғыстау ауданының Б. Жұмалиев атындағы орта мектепте тестілеу тек бүгін ғана өтеді.
Мамандардың мәлімеуінше, бұл пункттер тиісті құрылғылармен, жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.
Айта кетелік, биыл республика бойынша 147 мыңдай оқушы мектеп бітірген. Олардың 70%, яғни 102 мың түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген. Білім және ғылым министрлігі таратқан мәлімет бойынша, 2018 жылға арнаған ҰБТ сұрақтарының 50 пайызы жаңартылған. Жалпы сұрақтар саны – 80 мың.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ