«Ақкетік» мешітінің имамдарының ұйымдастыруымен қасиетті рамазан айында арақ-шарап сатпау жайлы үндеу жариялағанын Ақкетік тұрғындары жақсы біледі.
Күні кеше оразадан соң аталып өткен 3 күн ораза айт мерекесі қарсаңында сол үндеуге келісім білдірген жəне сол уəделерінде тұра білген дүкен иелеріне «Ақкетік» мешіті атынан имамдар алғыс білдіріп, сыйлықтар үлестіріпті. «Рахат», «Ақмарал», «Бота», «Ақбота», «Аиша», «Əсемай», «Айя», «Сəн-салтанат», «Жас-жет», «Іңкəр» сынды аудан орталығындағы дүкен иелеріне білдірілген Алғыс хат пен имандылықты насихаттайтын Қазақстан Республикасы Діни басқармасы рұқсатымен басылған арнайы кітаптар сыйға тартылды. Бұл акцияның ораза кезінде бастау алып, айт мерекесінде де жалғасын табуы құптарлық іс. Кейбір кəсіпкерлер бұны саудаларына қысастық деп те түсінуі мүмкін. Түсінген жанға пайданы адал ақшадан табуға үндейтін бұл акцияны алдағы уақытта ауданымыздың сауда орындарының иелері қолдап, жастарды, қоғамды арап-шарапсыз тəрбиеге бет бұруға себепкер болып жатса, құба-құп емес пе?! Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?!
Өз тілшімізден
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтауда дәстүрлі ән-күй кеші өтті