Жуырда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Мұрат Өскінбайұлы атындағы облыстық филармонияда тарихымыз бен өткен замандағы елеулі тұлғаларымызды насихаттау мақсатында дәстүрлі ән-күй кеші өтті.

Өнер зерттеушілері қазақтың ха­лық музыкасын аймақтық, орын­даушылық ерекшеліктеріне қа­рай Батыс, Жетісу, Сыр бойы, Арқа және Алтай-­Тарбағатай мектебі деп беске бөліп қарастырады. Аталған шараға жоғарыда сөз еткен барлық мектеп өкілдері қатысты.

Маңғыстау дәстүрлі ән мектебінің өкілі Ақмарал Ерімбетова: «Біз қанша тасада жүрсек те халықтың дәстүрлі әндерге шөліркеп, ықылас таны­тып, сүйсіне тыңдайтынын сеземіз. Мұнда шырқалар бес мектептің әндерін біраз уақыт дайындап, алып шыққалы отырмыз. Ел­ жұрт шынайы әсер алып қайтады деген ой­дамыз», – деді шара басталар алдында.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қарбыз құрамындағы нитратты үйде анықтаудың тәсілін білесіз бе?

Расымен де ел қошеметі молынан болып, рухымыз қанаттанып, ән-­жырға кенеліп қайттық. Дәстүрлі ән – ғасыр өтсе де боя­уы кеппес асыл сөздердің, әуез бен ішкі рух жемісінің жиынтығы. Ері бар елдің өнері де өлмек емес. Атпал азаматтар қолдауымен халықтың жан-­дүниесін байыту мақсатында мұндай шаралар көптеп ұйымдастырыла бе­реріне сеніміміз мол!

Мадияр ТӨЛЕУОВ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз