Жыл сайын жаздың үшінші жексенбісінде әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық әкелер күні өткізіліп тұрады. Жақында Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Маңғыстау облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған Әкелер күні Ақтау қаласындағы «Оқушы» орталығында өтті.
ЮНИСЕФтің балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға бағытталған коммуникациялық науқаны аясында ұйымдастырылған осынау шара барысында әкелердің өздеріне және аналар мен балаларға арналған қызықты конкурстар, интерактивті ойын-сауықтар өткізілді, жүлделер ойнатылды. Сондай-ақ белсенді ата-аналарына бала тәрбиелеудің жағымды әдістері мен әке болудың маңыздылығы туралы семинар өткізілді.
- ЮНИСЕФ-тің осы жылдың басын да басталған балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға бағытталған коммуникациялық науқаны Қазақстанның алты өңірін қамтыды, – дейді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный. – Олардың ішінде Маңғыстау облысы да бар. Өтіп жатқан шараның басты мақсаты – қоғамның назарын өнегелі ата-ана мәселелеріне аудару және әкелерді бала тәрбиесі процесіне жұмылдыру.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Науқасты сөзбен де емдеу керекЮНИСЕФ-тің қолдауымен ҚР ҰЭМ статистика комитеті Маңғыстау облысында жүргізген зерттеуге сенсек, балалардың тек 7,8%-мен ғана биологиялық әкелері бірлескен ісқимылдардың 4 және одан көп түрлерімен айналысады. Олардың қатарына бірге ойнау, серуендеу, кітап оқу, ән айту және басқалары жатады. Республика бойынша орташа көрсеткіш – 6,6%. Балаларды тәрбиелеу процесінде әкелерге және олардың бала дамуы мен қалыптасуына позитивті ықпал етуіне маңызды рөл бөлінеді. Өкінішке орай біз ата-ананың екеуі де тәрбие процесіне әрдайым тартыла бермейтінін көреміз, оның басты себептерінің бірі – қоғамда көптеген жылдар бойына қалыптасқан нормалар мен теріс түсініктер. Алайда біз осындай іс-шараларымыздың бұл орайда оң өзгерістерге алып келетініне сенеміз. ЮНИСЕФ барынша бақытсыздыққа ұшыраған балаларды қамту үшін бірқатар елдер мен аумақтарда аса қиын жағдайларда жұмыс істейді. Біз өз қызметімізді барша балалар үшін әлемді жақсартуға ұмтыла отырып, әлемнің әр түкпірінде, 190 ел мен аумақта әрбір баланың бақыты үшін жүзеге асырамыз. ЮНИСЕФ-тің Адам құқығы жөніндегі уәкілетті органымен бірлесіп 2010 жылдан бастап 2016 жыл бойынша жүргізген зерттеулер топтамасына сәйкес, Қазақстанда балаларға зорлық-зомбылық көрсету, қатал қарау және олардың мұқтаждықтарын елемеушілік үйде де, сондай-ақ мектептер мен интернаттарда да орын алатыны анықталған болатын. Зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей ересектердің 75%-на жуығы балалардың мінез-құлықтарын бақылауда ұстау үшін ұрып-соғу тәсілін қолдайды, ал ата-аналардың 67% балаларды тәрбиелеудің зорлау нысанын қолданады. Қазақстанда балалар үшін арналған екі ұлттық қызу желі бар – «111» және «150», олар балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын тіркейді және инстанция бойынша жолдайды. Алайда анықтау, хабарлау, тіркеу және ден қою тетіктері әлі де болса жеткіліксіз дамыған. Коммуникациялық науқан балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау бойынша жүргізілетін реформаларға қолдау көрсетеді және ата-аналардың, сондай-ақ балалармен жұмыс істейтін мамандардың балаларды оң бағытта тәрбиелеуін дамытуды ынталандырады.
Шараға қатысқан балалардың барлығына тиісті марапаттар мен сыйлықтар берілді.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="56440,56443,56441,56444,56442"]