Осы жылдың 16 маусымы күні бүкіл республика көлемінде бір уақытта өткен «Алға басу - движение вперед» атты спорттық шараға аудан әкімі Б.Әбіловтің өзі бас болып, мемлекеттік қызметкерлер мен білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің ұжымдары мен жастар өкілдері қатысты.
Спорттық шара таңғы жаттығумен басталып, соңы спорттық жарыстарға ұласты.
Әли Балта атындағы стадион дүбірлеген жарыстардың шынайы алаңына айналды. Ерлер арасында 800 метр, қыздар арасында 400 метр қашықтыққа жүгіру жарыстары өтті. Сол секілді ерлер арасында «Асық ату» жарысы болса, қыздар арасында секіртпе жарысы болды. Жарыстан ешкім де қалыс қалған жоқ. Бәрі де күші мен шеберліктерін сынап көріп, белсенділік танытты. Асық ату жарысында Күйкен орта мектебінің 7 сынып оқушысы Нұрсұлтан Дүйсекеновтің спортқа деген қызығушылығы мен ойын шеберлігіне жұрт тәнті болды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Баспана жайы талқыландыЖоғарыда аталған жарыстарда жеңімпаз болғандарға аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Досов дипломдар табыстап, марапаттады.
Осылайша мамыр айында басталған бұл шараның тамаша таңғы жаттығулары әрбір адамның үйреншікті дәстүріне айналды.
К. ШЕРУБАЙҰЛЫ Көрнекі сурет әлеуметтік желіден алынған