©
Мұнайлы ауданы көлемінде былтыр 14 өрт оқиғасы тіркелген. Оның 6-ы жылу беру жүйесінен, ал 5-і ток жүйелерінен, 3 автокөліктерде болып отыр. Үстіміздегі жылдың басынан бері 12 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл оқиғалар өрт қауіпсіздік ережесінің сақталмауынан болып отыр.
Осыған орай Мұнайлы ауданында өрт оқиғасының көбеюіне байланысты Басқұдық ауылдық округінде Басқұдық ауылы әкімшілігі мен аудандық төтенше жағдайлар және №5 өрт сөндіру бөлімдері қызметкерлерімен бірлесіп, Басқұдық ауыл тұрғындарына «Өрт қауіпсіздігі», «Суда шомылу қауіпсіздігі» бойынша нұсқаулар таратып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар қазіргі таңда жаз айының басталып, күннің қатты ысуынан үйлерде, мекемелерде басқа жайларда салқындатқыш (кондиционер), желдеткіш тағы да басқа заттарды пайдаланып жатады. Электр құрылғыларының істен шығуынан да өрт жиі болып тұрады.
Екі-үш немесе бірнеше электр сымдарының бірігіп кетіп, тұйықталып қалуынан болатын ақауды «тұйықталу» деп атайды. Бір уақытта бірнеше қуатты электр аспаптарын электр жүйесіне қосуға болмайды. Қысқа тұйықталу кезінде электр жүйелерінің ток күші әлденеше есе арта түсіп, өрт оқиғасы пайда болады. Қысқа тұйықталу көбінесе электр қондырғыларды іске қосу барысында байқалады, әсіресе ашық-шашық сымдар, сынған розеткалардан шығады. Қысқа тұйықталу кезінде өрттің алдын алып, электр желісінен ажыратып тастау керек. Осы арада мынаны есте ұстаңыздар:
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қос ұлтты құда қылған жастарӨрт болған жағдайда, ең алдымен 21-92-01 телефоны немесе ұялы телефоннан 101 немесе 112 нөмірін теріңіздер. Асықпай, өрттің қай жерде болып жатқандығын анықтап айтыңыз. Мүмкін сізге диспетчердің қоятын сұрағы бар шығар. Сол үшін мүмкіндігінше тосын жағдайларға жол бермеу жағына мұқияттылықпен көңіл бөлгеніміз абзал.
Салтанат АЛЕНОВА, Мұнайлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры