Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесі қарсаңында Түпқараған ауданы әкімі Темірбек Асауов ҰОС ардагерлері Мәмбетұлы Ибрайком мен Муржиков Сабырғали ақсақалдардың шаңырағына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтап, сый-сияпат тапсырды.
Түпқараған ауданы әкімімен бірге ардагерлерімізді құттықтау үшін аудан әкімінің орынбасары Т.Алтынғалиев, маслихат хатшысы А.Досанова, қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор Н.Тобанов, 51809 «Д» әскери бөлімінің командирі, капитан Д.Төленов, 2018 әскери бөлімінің командирі, аға лейтенант А.Хамитов, 2201 «Б» әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік құқық қорғау бөлімшесінің аға офицері, екінші дәрежелі капитан А.Сүлейменов барды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қоныс аударуға ниетті болсаңызМуржиков Сабырғали ата бүгінде С.Шапағатов елдімекенінің тұрғыны, 1923 жылы Ресейдің Астрахань облысында дүниеге келген. 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, әрі қарай соғысқа аттанған. 1945 жылы ауыр жараланып, Ұлы Жеңісті Мәскеу қаласында госпитальда қарсы алған. 3 дәрежелі даңқ орденімен, «Ерлігі үшін», т.б. көптеген медальдармен марапатталған.
Мәмбетұлы Ибрайком – Таушық ауылының құрметті ақсақалы. 1924 жылы Қарашағыр ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1942 жылдың сәуірінде Баутиннен параходпен майданға аттанғандардың ішінде Ибрайком ата да болған. Красноводск арқылы пойызбен Астраханьға жетеді де, сол жақта әскери оқу-жаттығуға қатысады. Сол жылы Сталинград маңындағы шайқастарға қатысып, 1943 жылдың басында оқ тиіп жараланады. Астраханьда госпитальда жатып, біршама айыққан соң қатарға қайта қосылады. Бірақ жарақатына байланысты алғы шепке жіберілмей, әскери нысандарды күзетуге қалдырылады. Ұлы Жеңісті Сталинград қаласында қарсы алған ардагеріміз бүгінде 94 жаста.
Ж.ЖОЛДАСОВА