©
Бұл туралы журналистермен кездесуінде Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов айтты. Брифингте көтерілген мәселелердің бірі 22 шағынаудандағы №14 айналма жолдың жөндеуі қашан бітетіні болды. Естеріңізге сала кетейік, жолдың кеңейтілуіне байланысты 09 сəуірден бастап 22 шағынаудан базар жанындағы айналма жол жөндеуге жабылған болатын. Алайда қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмыстары тоқтап тұр. Мұны Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов былай түсіндірді:
«Бұл жол учаскесін жөндеудің күрделілігі сонда – мұнда көптеген инженерлік желі шоғырланған. Осы жол бойында ҰҚК, ІІБ, Ақтау қаласының прокуратурасы сияқты құқық қорғау органдарына тиесілі құпия оптикалық-талшықты байланыс желілері, сондай-ақ қалалық су, электр, кәріз желілері жатыр. Бұл объектілер әу баста жобада көрсетілмеген, жол жөндеу басталғанда осы қиындықтарға тап келдік. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша, жұмысты толығымен 10 айда бітіру көзделген. Жөндеу жұмыстарының әсерінен басқа жолдарда жүктеме көбейгендіктен тезірек аяқтағымыз келеді. Бірақ мәселенің бәрі - жол төсеуге емес, керісінше, жол астындағы инженерлік желілерді ұйымдастырумен байланысты болып тұр», - деді ол.
https://www.youtube.com/watch?v=sxbrrXzOehk«Акжол+К» ЖШС өкілі де бұл жол учаскесінде инженерлік желілер көп орналасқанын айтты.
«Оларды асфальт астында қалдырмау жұмыстары барлық коммуналдық қызметтермен бірге шешілуде. Мемлекеттік сарапатама 26 шағындаудандағы Бекет-Ата мешітінен 22 шағынаудандағы автосервиске дейінгі аралықтағы жол жұмыстарын аяқтау мерзімін 10 ай деп белгіледі. Біз 7 айда бітіргелі отырмыз», - деді "Ақжол+К" ЖШС директорының орынбасары Сержан Құсайын.
Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 584 млн теңге бөлінген. Базар жанындағы айналма жолдың жөндеуі шілде айына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
«26 шағынаудандағы Бекет Ата мешітінен 22 шағынаудандағы «Николай» көлік жөндеу станциясына дейінгі жол жұмыстарын 10 айда бітіру жоспарланған. Шілде айына дейін 22 шағынаудандағы базар маңындағы айналма жолды аяқтау жоспарлануда», - деді Ғ. Ниязов.
Сонымен қатар қала әкімі Асар-С автобазарынан ХГМЗ-ға дейін 7 шақырым жолды жөндеу жұмыстары басталатынын айтты."Асар-С автобазарынан ХГМЗ-ға дейін 7 шақырым жол былтыр тендерге түсіп, "МКДСМ" компаниясы ұтып алған. Жалпы сомасы - 1 млрд 600 млн теңге. Былтыр 98 млн теңге бөлінген. Биыл тағы қаржы бөлініп, 4 жолақты жолға айналдыру көзделіп отыр. Жұмыстың басталмай отырғаны - 2005 жылы жолдың екі шетінен жерлер беріліп кеткендігі. Қазір келіссөздер жүруде, егер жерді қайтаруға келіспеген жағдайда, техникалық шешім қабылданып, 6 жолақты жолды 4 жолақты етіп, 4 жолақты жол сол күйінде жасала береді", - деді Ғ. Ниязов.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Видеоны түсірген автор