©
Ақтауда 2, 4, 7 шағынаудандардың ішкі жолдарының шұңқырларын тегістеу басталады. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязовтың журналистермен кездесуінде Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Берік Ізғалиев айтты.
«Шағынауданішілік жолдарды жөндеуге Ақтау қалалық бюджеттен 49 миллион теңге бөлінді. Конкурс өтіп, "Вест глобал Маңғыстау" компаниясы мердігер ретінде анықталды. Жөндеу жұмыстарын төменгі шағынаудандардан бастауды жоспарладық. Қазіргі таңда 2-шағынауданда дайындық жұмыстары жүргізілуде. Көп ұзамай шұңқырларға асфальт төселе бастайды. Бұл - тек шұңқырларды жөндеу. Одан кейін 4, 7-шағынаудандарға жасалады. Бөлінген қаржы 10-12 шағынауданның ғана ішкі жолдарын жөндеуге жетеді. Бюджеттен қаржы үнемделген жағдайда ішкі жолдарды жөндеуге қосымша қаражат бөлінетін болады», - деді Берік Ізғалиев.
https://www.youtube.com/watch?v=pnzevo0v7ogОл шағынауданішілік жолдардың үнемі бақылауда тұратынын айта келіп, жолдағы шұңқырлардың неліктен дер кезінде бітелмейтінін былай түсіндірді:
- Қалада бірнеше коммуналдық қызмет компаниясы бар. Кейде жылу, су, электр жабдықтау желілеріне апаттық жөндеу жүргізгенде жолды қазуға тура келеді. Қыс мезгілінде асфальт төсей алмаймыз. Сондықтан температураның жылынуын күтуге тура келеді.
Мұндай қалпына келтіру жұмыстары қазір 28, 28 "а" шағынаудандарда жасалуда. Б. Ізғалиевтің айтуынша, «КЖСА» мекемесі өз бюджеттерінде қалпы келтіру бойынша қаражат қарастырған.
Қаладағы автомобиль жолдарына жүргізілетін ағымдағы жөндеу туралы "Қала жолдары" мекемесінің бастығы Қайрат Хайрушев баяндады. Бүгінде 820-дан астам адам жұмыс жасайтын мекеме қаланың автомобиль жолдарына қызмет көрсетеді.
https://www.youtube.com/watch?v=onV2UWgNj2E&t=4s«Оның ішіне жолдағы шұңқырларды жөндеу, сызаттарды бітеу, жол белгілерін сызу, жауын-шашын кәріздерін тазалау жұмыстары кіреді. Ақтау бойынша 68 жауын-шашын кәрізі бар. Ай сайын автомобиль жолдарын қалыпта ұстауға шамамен 66 млн теңге бөлінеді», - деді Қ.Хайрушев.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Сурет пен видеоны түсірген автор