©
Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті Мұнайлы ауданының төтенше жағдайлар және №5 өрт сөндіру бөлімдері мен Мұнайлы ауданы әкімдігі қызметкерлерімен бірігіп, Маңғыстау облысы әкімі Е.Тоғжановтың бекіткен «2018 жылына арналған қалалар және аудандар әкімдері басшылығымен өткізілетін оқу-жаттығуларының жоспарына» сәйкес ағымдағы жылдың 11 мамырында аудандағы Баянды ауылында орналасқан №3 жалпы білім беру орта мектебінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді.
Жаттығу барысында өрт сөндірушілер жеке құрамның іс-қимыл тәртібі және адам құтқарудың тәсілдері пысықталып, бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді. Тактикалық жоспар бойынша мектептің бірінші қабатында орналасқан 1 сынып бөлмесінде шартты жану орын алды. Жану іргелес бөлмелерге және екінші қабатқа тарап, оқушылар мен объекті қызметкерлерінің өміріне қауіп туындады. Мектеп қызметкерлері шұғыл жұмыс істеп, өртке қарсы қызмет шақыртылып, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру жүйесі жұмылдырылды, оқушыларды қауіпсіз жерге шығару істері жүргізілді.
№3 шақырту бойынша гарнизонының жедел әрекет еткен күштері мен құралдары, яғни жеке құрамның 8 адамы және 2 бірлік техникасы келіп жетті. Оқу объектісінің жауапты лауазымды тұлғалары өртті сөндірудің басшысына ғимараттан эвакуацияланған адам саны олардың жағдайы туралы қажетті ақпаратты баяндады. Газ, түтіннен қорғау қызметінің құрамындағы өрт сөндірушілер шартты түтін аймағына барлау жүргізіп, оның барысында зардап шегушілер анықталды. Зардап шегушілер қауіпті аймақтан эвакуацияланып, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстаудың айбынды ерлеріӨрт сөндіру бөлімшелерінің үйлесімді және нақты жұмысында шартты өрт сөндірілді. Оқу-жаттығудың мақсаттары орындалды. Осыған ұқсас жоспарлы оқу-жаттығулар ауданда адамдарды құтқару және эвакуациялау бойынша жұмыстарды жүргізу дағдыларын жетілдіру, пысықтау, объектінің әкімшілігі мен ауданның арнайы қызметтерін өрт сөндірудегі іс-қимылдарды жүргізуіне әзірлік деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.
Осы шарада Мұнайлы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау майоры А.Жанызаков жергілікті полиция қызметкерлерімен бірігіп, мектеп қызметкерлері мен оқушыларына алғашқы кезектегі өрт сөндіру құралын қалай пайдалану қажеттігі жөнінде теориялық және тәжірибелік тұрғыдағы ережелерімен, өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырып, сабақ өткізді.
Өз тілшімізден