Мерекелі де берекелі наурыз айының басында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов облыстық мүгедектер мен қарттар үйінде «Жомарт жүрек» акциясы аясында «Асар» қайырымдылық шарасына бастау берді. Бір ай бойы белсенді өткізіліп келе жатқан бұл шара жақында Ақтау қаласындағы «Оқушы» орталығында да өтті.
Облыстық білім басқармасы ұйымдастырған «Мейірімділік–рухани жан байлығы» атты қайырымдылық шарасына колледждер мен мектептердің ұстаздары мен оқушылары, қатысты. Олар өз қолдарынан шыққан қол өнер бұйымдарын, түрлі нан өнімдерін жәрмеңкеге келушілерге ұсынды. Студенттер мен оқушылардың ата-аналары, облыстық басқармалар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері акцияға қолдау көрсетті. Сондай-ақ бұл күні жәрмеңкеге қатысушылар арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады.
Акция соңында жиналған қаржы ақтауда тұратын аз қамтылған екі отбасыға табысталды.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Көрмеде — ұлттық тағамдар