©
Бейнеудегі №6 аудандық өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі М.Баймұңаловтың ұйымдастыруымен және «Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарының қызметі» ММ-нің кадр бөлімінің бас маманы, психолог Д.Жолдыбаева, баспасөз хатшысы Рукья Сычевоның қатысуымен өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні өткізілді.
Ашық есік күнінің мақсаты жоғары сынып оқушыларын өрт сөндіру техникаларымен және өрт техникалық жарақтарымен таныстыру, Көкшетау техникалық институтына үміткерлерді жинақтау бойынша үгітнаси хат жұмыстарын жүргізу болды.
Шара барысында бөлімдегі қарауыл бастығы, азаматтық қорғау старшинасы Б.Мақсатұлы 11 сынып оқушыларын өрт кезінде қолданылатын техникалық жарақтармен таныстырып, құтқару шылардың киетін киімдерін көрсетті. Сонымен қатар мектеп бітіріп, өрт қауіпсіздігі мамандығына оқуға ниет білдірушілерге Көкшетау техникалық институтына қабылдау жұмыстары жайлы баяндап берді.
Одан әрі Бейнеу орта мектебі ғимаратында өрт-тактикалық сабағы өткізілді.
Мақсаты №6 ӨСБ-нің жеке құрамын ғимараттағы өртті сөндіруге жаттықтыру. Тактикалық сабаққа арнайы жұмылдыратын күштер мен құралдар, өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы және жедел жәрдем қызметі қатысты. Өрт жағдайы орын алған кезде ғимараттағы өртті сөндірумен қатар көрсетілетін алғашқы көмек пен құтқару жұмыстарын жеке құрам жасақтары көрсетіп берді. Оқу-жаттығу кезінде жедел жәрдем қызметінің жұмысы көрсетілді.
Осы күні Абай орта мектебінің акт залында экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары бойынша дін өкілдерімен, теолог мамандарымен кездесу өтті. Дөңгелек үстелге Бейнеу мешітінің имамы Ұзақбай Жаңабаев және теолог маман Сұлтан Омаров қатысып, жиналғандарға экстремизм мен терроризм бойынша түсініктемелер беріп, қазіргі таңда болып жатқан көптеген жат ағымдардың жетегінде кетуден абай болуға, ондай ортадан аулақ жүруге ақыл-кеңестерін берді. Бейнекөрсетілім көрсетілді. Дін туралы сұрақтар қойылып, мамандар жауап қайтарды.
Үміт ҚАЗДАЕВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Нұрсәуле Жайынбаева: «90 пайыз импорттық өнім тұтынып отырмыз»