©
Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл болды. Бұл күні Ауған соғысында ерлік көрсетіп, құрбан болған жандардың есімі ардақталып, рухына тағзым етілді.
Ақтаудағы Ауған соғысы ардагерлері ескершкішінің алдында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. От пен оқ ортасына тайсалмай түсіп, ерлік пен қайсарлық танытқан, ерте ажал құшқан жауынгерлердің есімдері еске алынып, ауған ардагерлері жадында жаңғырды. Қасіретті соғыс жылдарын бастан кешкен сарбаздар қазасына бір минут үнсіздік жарияланды. Әскери топ әуеге үш дүркін оқ атты.
[embed]https://youtu.be/85Psnnt5RA8[/embed]Қала әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова, облыстық ауған соғыс ардагерлерінің төрағасы Байрам Мамедов, ауған соғысының ардагері Мәтжан Шаулиев соғыста ерлікпен қаза тапқан маңғыстаулықтарды еске алып, елге оралып бүгінде еңбек етіп жүрген майдандастарына жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Жиналған ардагерлерге бейбітшілік үшін шексіз алғысын білдірді.
Бұл шарадан бөлек, қалада бокстан 2006-2007 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы «15-ақпан Интернационал-жауынгерлерді еске алуға» арналған Маңғыстау облыстық турнирі ұйымдастырылды.
Ханым ҚУАТ Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="48532,48533,48526,48525,48529,48527,48530,48528,48531"]