«Маңғыстау іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына биыл 20 жыл толады. Мерейтой аясында және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының мақсат-міндеттеріне орай бірқатар шаралар өткізу жоспарлан- ған. Соның бірі – «Ел болам десең, бесігіңді түзе» тақырыбындағы ақпараттық-тағылымдық кездесулер 19 наурызға дейін өтеді. Мақсаты – кәмелет жасқа толмаған қыздар мен ер балалардың тәрбиесіне назар аударту, ұрпақ мәселесіндегі аға буынның жауапкершілігін арттыру, Елбасы Жолдауларында көрсетілген тәрбие мен білім, рухани, адамгершілік, патриоттық тәрбие, ар-иман, ұлттық мәдениет, ұлттық сананы қалыптастыруға қоғамдық күштерді жұмылдыру және өзекті мәселеге қоғам назарын аударту.
Қазіргі таңда тәрбиеге қатысты дабыл қағатындай мәселелер көп. Бұрын көз көріп, құлақ естімеген – жезөкшелік, мектеп жасында жүкті болу, бала тастау, баласын өлтіру, нәресте сату сияқты жағдайларға қазір ешкім таңғалмайтын болып барады.
Бұл – қасірет және ұлтқа төнген қауіп. Ұлттық кодымызды сақтау үшін тәрбиеге баса мән беруіміз қажет. Сондықтан «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөз бүгінгі күннің ұранына айналса керек.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Түпқарағандық домбырашылар бас жүлдемен оралды«Маңғыстау және Ақтау іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің бастамасы бойынша құрылған ақпараттық топ құрамында «Маңғыстау іскер әйелдер қауымдастығының» төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Сәуле Жақаева, қоғам белсендісі Жәнібек Қожық, облыстық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Смайл Сейітбеков, облыстық ішкі істер департаментінің аға инспекторы Эльмира Нұрғалиқызы, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Нұрсұлу Мұхамедиярова, «Мұнайлы аудандық іскер әйелдер қауымдастығы» төрайымы Мария Жәудірханқызы бар.
Мұнайлы ауданындағы №9 орта мектепте, Сайын ауылындағы Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лецейде, Жетібай кентіндегі мәдениет үйінде, Теңге ауылындағы, Шетпе, Бейнеу кентіндегі мәдениет үйлерінде, Ақтау қаласындағы Достық үйінде ақпараттықтағылымдық кездесулер өткізуде.
Б.ДӘУЛЕТҰЛЫ, Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ