©
Жемқорлық - мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, қоғамды іштен жейтін жегі құрт. Қоғамды дендеген осы кері құбылыстың Маңғыстаудағы көрінісі жайлы Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев айтып берді.
- 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар бойынша 26 тұлғаға қатысты 26 қылмыстық іс қаралып, 1 іс сотталушының қайтыс болуына байланысты өндірістен қысқартылды. 6 тұлғаға қатысты 12 549 500 теңге айыппұл салынып, оның 3 тұлғасына қатысты 9 749 500 тенге айыппұл заңды күшіне енбеген. Қалғаны орындалу барысында, - дейді Ержан Өсерханұлы.
2017 жылы Маңғыстау облысының аудандық және оған теңестірілген соттарында жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер 2015, 2016 жылдармен салыстырғанда аз болған. Мәселен, 2015 жылы сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар бойынша 39 адамға қатысты 30 қылмыстық іс қаралған. Қаралған қылмыстық істердің үкімдері бойынша 13 тұлғаға жалпы сомасы 55 081 800 теңге айыппұл салынған. Салынған айыппұлдардың 53 820 800 теңгесі, яғни 97,7% өндірілген. Қазіргі күні салынған айыппұлдың 2,3 %, яғни 1 261 000 теңге орындалмаған.
- 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар бойынша 41 тұлғаға қатысты 24 қылмыстық іс қаралып, кінәлі деп танылған 21 тұлғаға қатысты сот үкімімен 127 308 000 теңге айыппұл салынды. Салынған айыппұл жазасы 100% орындалды, - деп атап өтті Е. Қарабаев.
Атап өтерлігі, Қазақстанның Жоғарғы соты сыбайлас жемқорлыққа қатысты істердің үкімдердің орындалуын бақылауға алған.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="46878,21843,21842"]