©
Бүгін жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ш.Есенов атындағы КМТжИУ профессорлары мен оқытушыларына арналған 75 пәтерлік үйдің ашылу рәсіміне қатысып, 10 ұстазға жаңа пәтердің кілтін табыстады, - деп хабарлайды 7292info.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министр өз сөзінде Президенттің биылғы Жолдауында білім саласына бірқатар тапсырмалар жүктегенін атап өтті.
"Оның бәрін ұйымдастырып, орындау үшін ұстаздардың мәртебесін көтеру керек. Міне, бүгін де оларға көрсетілген қамқорлық пен ілтипаттың куәгері болып отырмыз. Жаңа қонысты болған ұстаздарды министрліктің атынан құттықтаймын!» - деді Ерлан Сағадиев.
Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында мектептер 90% кең жолақты интернет желісімен қамтылған. Министрлік тарапынан 600-ден астам мұғалім ағылшын тілі курсынан өтсе, 300 ауыл мұғалімі жергілікті бюджет қаражаты есебінен ағылшын тілін үйреніп жатыр. Қаңтар айынан бастап оқушыларға өз кәсібін ашуды үйрету мақсатында облыстың 30 мектебінде кәсіпкерлік негіздері жаңа жобасын басталды.
Салтанатты рәсімде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов білім беру ұйымдарында «Жасыл мектебім - жасыл мекенім» атты жобасын іске қостық. Жоба аясында кезең-кезеңімен барлық мектептерде жылыжайлар салынып, мектеп аулалары көгалдандырылатын болады. Аймақтың климаттық ерекшелігіне байланысты қолға алынып отырған бұл жоба меценаттар тарапынан қолдау тапты », - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="46676,46679,46681,46680"]