Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесіндегі Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік басқосуда біраз темір жол жұмысшыларының еңбегі еленді. Бұл күні аймақтың Құрметті теміржолшыларының қатары тағы да көбейе түссе, жас теміржолшыларының мерейі артып, басшылықтың ризашылығы мен сияпатына ие болды.
Шара әдеттегідей еліміздің Гимнін орындаумен басталды. Жиынды бөлімше директоры Нәжимеден Ғұбашев ашып, халқымыздың сан жылдар бойғы арманының асқарына, бақытты да баянды ұрпағының бастауына айналған ұлық мерекеміз - Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады. Ардагер теміржолшы Қожахмет Уәзір мен жастардың атынан вагон қараушы Қуатбек Көпбаев та сөз алып, тәуелсіздік туралы толғаныстарын жеткізді.
Одан кейін Н.Ғұбашев бірқатар марапаттарды өз иелеріне табыстады. Соның ішінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ жастарының VIII республикалық форумы байқауынан I орын алған жастар да бар. Бұл жеңістің маңғыстаулықтарға зор мерекелік тарту болғанын атаған директор: "Жастарымыз осыдан 2-3 жыл бұрын да бүкіл бөлімше арасынан I орынды жеңген еді. Біз әлі сол арғымақтан түскен жоқпыз. Бүгін де соны тағы қайталадық. Сіз жастар - біздің ертеңімізсіздер. Сондықтан әрқайсыңызға арнайы рахмет айтпақпын,-деп олардың болашағына сенім артып, Қазақ хандығы туралы үш тілде жазылған кітап сыйлады. Сондай-ақ Бейнеу айналым депосының локомотив бригадаларының машинист нұсқаушысы Назархан Лукмановқа "Құрметті теміржолшы" белгісін тақты. Маңғыстау станциясында техникалық қызмет көрсету орталығының басшысы Гүлжамал Балғожаеваға ҚР инвестициялар және даму министрінің, Маңғыстау вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Теберік Сапарбаевқа ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ Президентінің, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің Маңғыстау станциясы бойынша экспедиторы Эленора Мұқашева, Маңғыстау эксплуатациялық локомотив депосының дәнекерлеушісі Рашит Қазиев, Маңғыстау эскплуатациялық вагон пайдалану депосының инструкторы Азамат Елубаевқа "Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы" ҚБ - "ҚТЖ-Жүк тасымалы" филиалының Алғысын берді. Ал жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов облыс әкімінің, Маңғыстау жол дистанциясының Дрезина жүргізушісі Жанқожа Қалмағанбетов, Өзен станциясының вагон қараушысы Нұралхан Қосбатыров "ҚТЖ" ҰК" АҚ Президентінің, Маңғыстау станциясы бойынша еңбекті нормалау инженер-технологы Светлана Қалмағанбетова, Маңғыстау эксплуатациялық локомотив депосының инженер-технологы Аманкелді Құлжанов болса "Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы" ҚБ - "ҚТЖ-Жүк тасымалы" филиалының Құрмет Грамоталарымен марапатталды. Бейнеу станциясы бойынша вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің басшысы Нұралы Клычев "Адал еңбегі үшін" медалін, Маңғыстау локомотив пайдалану депосының қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры "ҚТЖ" ҰК" АҚ Президентінің атаулы сағатын алды. Жүк тасымалы бөлімшесінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Екпін Қожахметов, Ерсай станциясының жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы Зәуре Қосымбаева, Маңғыстау станциясының сұрыптау дөнесінің кезекшісі Қойлыбай Реев, Маңғыстау эксплуатациялық локомотив депосының машинист кезекшісі Азамат Қияс, вагон депосының жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарі Баянбек Жұбытыров, магистралдық желі бөлімшесінің диспетчері Нұрлан Мүсірханов, Маңғыстау байланыс және белгі беру дистанциясының автокөлік жүргізушісі Абай Мадаминов "Қазақстан салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағына 25 жыл" мерейтойлық белгісін кеудеге тақты. "Маңғыстау жол бөлімшесіне 10 жыл" төсбелгісімен жүк тасымалы бөлімшесінің экономикалық жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Сергей Тулиев, магистралдық желі бөлімшесінің қызметкері Алма Айымқұлова, мерекелік теннис және шахмат жарысынан I орын жүлдегерлері Ерік Дандыбаев пен Нұрбол Ғалымжан марапатталды. Сонымен қатар зейнет жасына келген теміржолшы Бекмұрат Есебаевты сый-құрметпен зейнеткерлікке шығарып салып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген ардагер Қожахмет Уәзірге естелік сыйлық табысталды.
- Әкем теміржол мектебінде мұғалім болатын. Сол кісіге қызығушылық мені де теміржолға жетеледі. Жұмысты 1979 жылы Қоңырат локомотив депосынан бастадым. Атамекенге оралғасын жұмысымды Маңғыстау локомотив депосына қайта жалғастырдым. Кәсібімнің нәсібімен жанұямды жеткізіп, 5 баламды аяққа тұрғыздым. Бүгін міне, теміржолдағы ең жоғарғы атаққа лайық табылыппын. Белгіні алудың өзі бір мәртебе болса, оның әсіресе Тәуелсіздік күнінде берілуі бұл үлкен қуаныш, - дейді Н.Лукманов.
Шахида ЖҰМАН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="44876,44905,44878,44906,44902,44898,44897,44896,44895,44893,44892,44884,44881,44888,44886"]