Өткен аптада облыс орталығында Ақтау қалалық мәслихаты мен депутаттары жыл бойы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп беруді бастады. Жиынға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұри Тумышев, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, қала тұрғындары қатысты.
Ақтау қаласы 3-шағынаудандағы № 2 орта мектепте өткен кездесу жиынында халық қалаулысы Бибігүл Түрікпенбаева мәслихат сессияларында қаралған мәселелермен таныстырып өтті.
– Шағынаудандарда жасалған жұмыстарға тоқталсақ, осы жылы 3 шағынаудандағы газ тарату желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасты. Құны 64,9 млн теңге болатын жоба келесі жылдың сәуірінде пайдалануға беріледі. Осы шағынауданда ағымдағы жылы сумен, кәріз жүйесімен, газбен, электрмен жабдықтау және көлік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстардың құны 474,7 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ осы мектепте физика сыныбы жасақталды. Оқушы орталығына робототехника және планетарий сыныбы сатып алынды. Осы шағынауданның №15, 18, 20, 21 және 159 үйлердің бойымен өтетін жаяу жүргіншілердің жолы күрделі жөндеуден өтті. 3, 3а, 3 б, 6 шағынаудандарына тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын 29 контейнер салынды. Осы шағынаудандағы балалар ойын алаңдарына жөндеу жұмыстары жасалды. Тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша «Ақтау тұрғын үй» мамандандырылған уәкілетті ұйымы» қайтарымды механизм арқылы қаржыландырумен 3-шағынауданның №6 үй (8 пәтерлік) күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар 1-саты бойынша 2014-2015 жылдары сүріліп тасталған 3 шағынаудандағы №14 үйдің орнына 100 пәтерлік жаңа тұрғын үй салынып, апатты жағдайдағы № 12, 13, 15, 16, 17 үйлердің тұрғындары көшірілді. 2016-2017 жылдары 2-саты бойынша 3 шағынауданда сүріліп тасталған № 12, 13 үйлердің орнына №12 100 пәтерлік үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Оған апаттық деп танылған осы аудандағы №7, 8, 9, 10 үйлердің тұрғындары көшірілді, – деді Бибігүл Жапарқызы.
Тағы оқыңыздар: Енді ғаламторда бүркеншік есіммен пікір жаза алмауыңыз мүмкінЖиында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұри Тумышев жетекші партияда атқарылған істердің арнасынан хабардар етті.
Есеп беру аяқталған соң, 3 шағынауданның тұрғындары депутаттарға сауал жолдады. Тұрғындар тарапынан көшені жарықтандыру, балалар ойын алаңын және балабақша салу, подъездерді күрделі жөндеуден өткізу, қоғамдық көлік бағасын көтермеу сынды мәселелер көтерілді.
Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы Марат Молдағұлов қоғамдық көлік құны келесі жылы көтерілмейтінін жеткізді. Жиын барысында айтылған мәселелерге жауап беретін құзырлы мекеме басшылары ұсыныс- пікірлер назарға алынатынын және шешімін табу төңірегінде жұмыстанатынын жеткізді.
Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="44393,44399,44396,44394,44398,44405,44401,44403,44404,44406,44400"]