Бұл туралы бүгін облыс әкімі Е. Тоғжановтың басшылығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.
Аппарат жиынында облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова елімізде білім беруді және ғылымды дамытудың 2016– 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалысын баяндады. Оның айтуынша, бағдарламаны іске асыруға 15 805,3 млн.теңге бөлінген. Бағдарлама аясында 9 айда 19 нысан пайдалануға беріліп, педагогикалық қызметкерлер саны 1481-ге артқанын және білім саласына 120 маман қажет екенін жеткізді.
Жиында облыс әкімі Ералы Тоғжанов қала, аудан әкімдеріне 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен, оқытумен қамту көрсеткішін жыл аяғына дейін 90 пайызға жеткізуді тапсырды. Мектептердің жанынан спорттық клубтар ашып, басқарма мен мекемелердің басшыларын жауапты етіп бекітуді тапсырды.
Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН