15-қазан күні Жаңаөзен қалалық ҚР Ұлттық Ұланының 5548 әскери бөлімінің «Батыс» әскери наряды қала көшелерінде тапаншамен жүрген жас жігітті қолға түсірді. Құрамында әскери патруль басшысы қатардағы Алмасбек Ақылбек, қатардағы Асхат Борахан мен Нұраддин Нұрымбетов бар қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қорғауға шыққан әскери патруль кешкі 21 сағат 44 минут шамасында 4-шағын аудандағы «Нұржан» дүкенінің жанында алкогольді ішімдіктер ішіп, жанжалдасып тұрған бір топ жас жігіттерді байқап қалады. Оларды көрген жігіттер қашып кетуе әрекеттенгенімен, тәртіп қорғаушылар жгіттерді тырп еткізбей ұстап алды.
Тексеру барысында жігіттердің бірінен 9 мм калибрлі «МР-654 КСА» Макаров (атуға жарамды етіп алған) тапаншасы табылды. Көп ұзамай оқиға орнына Жаңаөзен қалалық ІІБ тергеу-жедел тобы шақырылып, тергеушілер Жаңаөзен қаласының 31 жастағы тұрғынынан көрсетілген затты алды.
Тағы оқыңыздар: Арабтар Ақтауды көркейтуге үлес қоспақҚазір Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабы («Атылатын қаруды заңсыз алып жүру немесе сақтау») бойынша алдын ала тергеу жүріп жатыр.
Қоғамдық тәртіпті қорғауда көрсеткен қырағылығы және әскери қызметті жүргізудегі ептілігі үшін әскери жасақ бөлімше командирінің бұйрығымен марапатталды.
Жаңаөзен қалалық «Батыс» өңірлік
қолбасшылығының баспасөз қызметі