Елбасымыз айтқандай біртіндеп латын әліпбиіне көшу қажеттілігін атады. 2025 жылға қарай іс-қағаздарын, мерізімді баспасөзді, қала берді оқулықтарды латын әліпбиімен басып, шығара бастауымыз керек. Ол үшін биылдан қалдырмай ғалымдар қоғам өкілдерімен бірлесіп, қазақ алфавитінің жаңа тұрпаттағы нұсқасын қабылдау қажет.
Жалпы алдағы екі жыл ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстарға арналады делінген. Қазір Президенттің бұл бастамасы ел ішіндеғана емес, сырт мемлекеттерде де қызу талқыланып жатыр. Қырғыз Парламентінің депутаты Қаныбек Иманғалиев бүгін отандастарын Қазақстаннан үлгі алуға шақырады. Ол 2030-2040 жылдарға қарай қырғыз әліпбиін де латын қарпіне көшіруді ұсынды.
«Дүниедегі жолдардың барлығы Риімне алып барады» - деген секілді «Дүниедегі тілдердің барлығы латын тіліне алып барады» бұл тілдің ғылыми әрі көркем жасалғаны соншалықты, тіпті одан кемшілік іздеудің өзі қылмыс секілді. Ал оның алфавитінің тұғырының беріктігі соншалықты, екі мың жыл бойы тіпті ешқандай тіпті ешқандай өзгеріске жолықпаған деуге де болады. Сондықтан да болар, қазіргі таңда дүниедегі тілдердің 80 пайызы осы латын әліпбиінде жазылуының өзі бір мәртебе.
Латын тілі бүкіл дүние тілдерінің тұғыры. Қазіргі ағылшын, француз, неміс, италиан секілді өркениет тілдерді бастауын сол латын тілінен алады. Сондықтан әліпби жасауда таза латын тілінің өз заңдылықтарын негіз еткеніміз жөн.
Ресейдің аймақтық проблемалар институтының директоры Дмитрий Журавлев: «Бұл бастама ең алдымен Қазақстандықтарға түркі тілдес елдермен мәдени байланысын жаңғыртуға мүмкіндік туғызады. Тілдің ұқсастығы мен шрифтінің біркелкілігі арқасында мәтінді әрбір жазу танитын адам түсіне алатыны сөзсіз. Сондықтантүркі әлемі халықтарының қарым –қатынасы жақындай түседі», деп ой білдірген. Президент мақаласындағы бұл бастамаға қатысты Еуразиялық экономикалық қоғамдастық институтының директоры Владимир Лепехин де пікір жазған. Сөзін келтірсек, «Қазақ жобасын оңтайландыруүшін,түркі әлемі қолданатын әліпбиге көшу – оң шешім. Мұндай қадам қазақстандықтардың өзіндік рухани құндылықтарын нығайтып, өз мүдделеріне бағытталған өркениетке бет бұруларына сеп болары сөзсіз»,-деп қорытындылаған.
Біріншіден, өзіміздің төл әліпбиіміз,төл жазуымыз пайда болады. Екіншіден, халықты біріктіретінтағы бір амалы бар. Сонан кейін латын әліпбиі-әлемдік ақпараттың құралы. Латын әліпбиіне көшу үлкен стратегиялық маңызға ие. Әлемдегі ең дамыған ғылми жәнеәдеби туындылар осы әріптермен жазылатындықтан, жаһандық өркениетке жақындауға зор ықпал етеді. Осы бұлтартпас тұжырымды зиялы қауым өкілдері де қолдап отыр.
Латын әліпбиін көшу - Қазақстан үшін өте керекті дүние. Бұл бір күнде болатын дүние емес, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес жүріп жатыр. Бұл біріншіден жастарымыздың болашақта дамуына үлкен септігін тигізеді. Бұл қоғамның әлемдегі ең дамыған ғылымға, әдебиетке жақындауына өз үлесін тигізеді.
Білімді, отаншылдықты дамыту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, ұлттық бірегей тектілік дегеннің өзі үлкен көкжиетерге жетелейді деп ойлаймын. Латын әліпбиіне көшуміздің өзі көп жаңалық әкелетіні сөзсіз.Бірақ тарихымыздың көп парағы кириллицамен жазылғанын ескеріп, жылдар бойы жинақталған ұлттық мәдениетімізді сақтап қалу маңызды. «Жаңа жазумен дамудың жаңа жолына түскенмен, ескі жазудан құралған ұлттық мұраларымызды жоғалтып алмау керек», - дейді ғалымдар.
Түркі халықтармен қарым-қатынасты нығайтуға үлкен септігін тигізеді. Әрине, бұл бір күннің шаруасы емес. Бүгіннен бастап осы шараларды ақырындап қолға алып, жүйелі түрде жүзеге асыратынболсақ, көптеген жетістіктерге жетуге толық негіз бар. Екіншіден, 40-60 жыл бойы жиналған ұлттық мәдениетімізді сақтау- біздің алдымызда тұрған күрделі мәселе. Сондықтан бұл жағынан да ерекше назар аудару керек деп ойлаймын.
Латын әліпбиіне көшу оқулықтан бастап, басылымдар қағазының бәріндегі әріптердіалмастыра салу деген сөз емес. Көптеген ғылыми сараптамалар жүргізіп, еліміздің гуманитарлық, тіл білімі, флиософия институттары бірігіп, Өзбекстан, Әзербайжан секілді басқа да елдердің тәжірибесін зерделеп, әдістемелер жасалуы керек. Осығанорай, латын әліпбиіне көшу жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылатыны белгілі болды деп ойлаймын.
Ө.САДЫҚОВ,
Ақтау қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының төрағасы