«Ашық есік күні» отырысын Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.С.Алдабергенов ашты.
Отырысқа Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры А.Джетибаев және әскери бөлімнің заңгерлері қатысты.
Төраға М.С.Алдабергенов «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы» туралы өз сөзінде төраға, әскери қызмет – Қазақстан Республикасының Егемендігін, аумақтық тұтастығы мен шекараларының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғауға байланысты әскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған әскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі екенін, оған қоса, әскери қызметшінің мәртебесі заңдарда белгіленген алып тастауларымен және шектеулерімен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әскери қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ әскери қызмет ерекшеліктерімен негізделген оның құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды деп түсініктеме берді.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілді дамыту әрбір азаматтың міндеті және қастерлі борышы екенін айтып өтіп, заңгерлердің назарына мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтіп, дамыту мақсатында талап арыздарды мемлекеттік тілде тапсыру қажеттігін жеткізді.
Бұдан басқа, сот төрағасы медиация тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі екендігіне тоқталып өтті.
Бұл медиацияның қолданылу саласы, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылатынын қатысушылардың назарларына жеткізді.
Төраға қазіргі таңда көп азаматтармен заңның талаптарын өрескел бұзылатынын айтып, осыған орай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы тұру керектігін атап өтті. Заң талабын қатаң сақтау және мұңдай қателіктер болдырмау үшін әскери қызметшілерге заңды бұзбау керектігін, кез келген сыбайлас жемқорлықпен қарым қатынаста болған азаматты алда не күтіп тұрғанын және қандай жауаптылыққа тартылатынын ескертті.
Жемқорлыққа қарсы күрес мемлекетіміздің даму басымдықтарының бірі болып табылады. Толығымен жемқорлықты тұсаулаған мемлекет құқықтық ел атануға құқылы. Қазіргі таңда біз жемқорлық әрекеттерден түбегейлі бас тарту жолындамыз-деп айтып өтті.
Кездесу соңында әскери қызметшілер назарына үнемі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының талаптарын сақтау қажеттігін жеткізді.
Ашық есік күніне қатысушылардың қойылған әрбір сұрақтарына төраға қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып, толыққанды жауаптар берді.
Сөз соңында төраға М.Алдабергенов «Осындай іс-шараларды өткізудің мақсаты ақпараттық ашықтықтықты арттыру, құқық қорғау органдары мен әскери бөлім қызметшілерімен жиі кездесулер өткізу, оларға заңдарды және құқықтарын түсіндіру бүгінгі күні әскери соттың алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып табылады»-деп қорытындылады.
Ануар ЖӘНІБЕК, Батыс Қазақстан аймақтық «Сахара» газетінің Маңғыстау облысындағы тілшісі