Бұл туралы «Қазгидромет» РМК МОФ хабарлады.
Синоптиктердің болжауынша, шығыс және оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с дейінгі желдің ұйытқуы болуы мүмкін.
Осыған орай, Маңғыстау облыстық Төтенше Жағдайлар Департаменті облыс тұрғындарына ескерту хабарламаларын жолдады. Дауыл салдарынан түрлі апаттық жағдайлар орын алуы мүмкін, сондықтан департамент өкілдері тұрғындарға сақ болуды ескертеді.