Қазақстанда корей ұлтының қоныстанғанына 80 жыл және облыста этномәдени бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына орай облыс әкімі Ералы Тоғжанов Корей Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсикті қабылдады. Жиында екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасы, инвестициялық ахуал және ұлтаралық келісім сөз болды.
«Киелі Маңғыстау өңіріне қош келдіңіздер! Мемлекетіміз сындарлы кезеңде сырттан келген өзге ұлттарды бауырына басып, қанатының астына алды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының саликалы саясатының арқасында елімізде 130-дан аса түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында ынтымақтастықта тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Бүгінде мемлекетімізде 170 мыңнан аса кәріс ұлты қоныстанған. Қазақ елінен пана тауып, пейілі кең де дархан көңіл қазақтармен бірге бауырлас болып кеткен корейлер тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене атсалысып жүр» деген аймақ басшысы Ералы Лұқпанұлы келген меймандарды облыстың экономикасын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, екі ел арасындағы қарым- қатынас келешекте нығая түсетінін жеткізді. Облыс инвесторлар тарапынан қызығушылыққа ие екенін, бұл бағытта қолдау көрсетуге дайын екендігін айтып, инвестиция тартуға шақырды.
Тағы оқыңыздар: Сайын ауылында қос қария вагонда тұрып жатыр (ФОТО, ВИДЕО)Корей Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик қазақстандықтарды мерейлі мерекемен құттықтап, Маңғыстау облысымен сенімді серіктестік орнатып, бірге жасауға ынталы екенін хабарлады.
Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="38545,38546,38549,38548"]