«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) Компаниясының «Қаламкас-теңіз жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасы 2020 ж 1 наурыздағы жағдайы бойынша» жобасы және ҚОӘБ бойынша ашық отырыс нысанындағы қоғамдық тыңдау өткізу туралы хабарланады.
Қоғамдық тыңдауды өткізу күні, уақыты және орны: 09.06.2020ж сағат 15:00-де Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылының Мәдениет үйі.
Қосымша:Төтенше жағдайдың уақыты ұзартылғанжағдайда қоғамдық тыңдау видеоконференция режимінде 09.06.2020ж сағат 15:00-де өтетін болады. Видео байланыс нашар болған жағдайда қоғамдық тыңдау дауыс беру тәсілімен жүргізіледі.
Жергілікті атқарушы органның атауы және қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректері: Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Жобаларды экологиялық сараптау» бөлімінің бас маманыТүлембет Гүлденай 8 (7292)43-10-88.
Ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын жергілікті атқарушы органның электрондық поштасының мекен-жайы: moup@mangystau.gov.kz
Жоба бойынша құжаттама орналастырылған жергілікті атқарушы органның интернет -ресурсының мекен-жайы:www.beta.egov.kz/memleket/entities/mangystau-eco
Жұртшылық өкілдерінің жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға мүмкін болатын мекен-жайы: Ақтауқаласы, 17 ықшам ауданы, 62, тел: 8 (7292) 204400.
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізетін мемлекеттік орган: Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті.
Жобаның тапсырыс берушісі: НКОК Н.В. Компаниясы, Атырау қаласы, Қ. Смағұлов көшесі 1, тел: 8 (7122) 923800.
Ұсыныстар мен ескертулер,видеоконференцияға қатысу тапсырысы қабылданатын электрондық поштасының мекен жайы:Amrina.A@llpcmg.kz, Satkanbayeva.M@llpcmg.kz.
Құжаттаманы әзірлеушісі: «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалы, Атырау қаласы, Нұрсая шағын ауданы, Елорда даңғылы, құрылыс 10, тел: 8 (7122) 305443.