Бұл туралы Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде бос қалып жатқан жұмысшыларға (мәжбүрлі қысқарып қалған, жалақысы сақталмайтын демалыс алған және т.б.) қолдау көрсету мақсатында осы санаттағы азаматтарға 42 500 теңгені құрайтын біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Аталған әлеуметтік қолдаудың алушысы ретінде бүгінгі таңда атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып танылған азаматтар да болуы мүмкін.
Осы орайда, сот орындаушыларымен тыйым салынған есеп шоттарға бір жолғы жәрдем ақы түскен жағдайда, аталған азаматтар тыйымның күшін жою жөнінде сұрақтарымен:
Маңғыстау облысының Әділет департаментіне: 30-20-10, +7 /778/ 216 13 86, +7 /775/ 153 59 53 немесе Маңғыстау облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына: +7 /776/ 838 70 17, +7 /778 /222 09 28, +7 /775/ 907 29 54 байланыс телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз.