Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың есеп беру үшін халықпен кездесуі 17 маусымда өтеді.
Кездесусағат 15.00-де оnline режимінде өтеді:
- ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Министрлік Facebook және YouTube-те трансляциялау.
Құрметті қазақстандықтар, өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрге келесі байланыс арналары арқылы жібере аласыздар:
- "Ашық диалог"порталындағы Министрдің блогы (https://dialog.egov.kz/blogs/2293760/welcome);
- Министрліктің ресми сайтында онлайн-қабылдау бөлмесінің"сұрақ-жауап" (https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/virtual-reception/1?lang=ru);
- электронды почта: ask@mti.gov.kz;
- сондай-ақ Министрліктің Facebook-тегі ресмипарақшасына хабарласу арқылы.
Бұл ретте, "Есептік кездесу үшін" деген белгіні қою қажеттігіне назарларыңызды аударамыз. Бұл сұрақтарға Министр тікелей эфирде жауап береді.
Сұрақтарыңызды өңдеу үшін, әрі олар бойынша сапалы және дұрыс ақпарат даярлау үшін уақыт қажет болуына байланысты сұрақтарыңызды 10 маусымға дейін жіберуді ұсынамыз.
Анықтамаүшін телефон: 74 98 97, 8 701 701 01 34.