Жер беті көкке оранды. Ағаштар бүр жарып, жапырақ жайқалып өсуде. Қыр қызғалдақтары қылтиып, айналаны қызыл, сары түске бояп үлгерді. Жайма шуақ күннің нұры қоршаған ортаға жылулық сыйлауда. Мұның бәрі көктем мезгіліне тән ерекше құбылыс. Көктемде жер ананың табиғатпен үндесуі, адамдарға сыр ашып, сый беруі ғажап емес пе?! Міне, самал жел ескен, күн мен түн теңескен мезгілдің үшінші айына жақындадық. Бұл көктемде бұлтты аспаннан жаңбыр жауған күн маңғыстаулықтар үшін көп болды. Сонда да көз тоймас табиғат адамды өзіне баурап қояр емес. Сирень гүлдердің иісі мен жауыннан кейінгі көріністің өзі Ақтау қаласының сұлулығын арттыратындай. Олай болса, сөзбен жеткізе алмайтын әсемдікті сайттың фототілшісі Талант Құсайынның суреттерінен байқай аласыз.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" td_gallery_title_input="Жайма шуақ күннің нұры" ids="78321,78322,78324,78323,78330,78331,78325,78328,78327,78326"]