• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 2 Наур. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Бозжыраның бүгінгі бейнесі (ФОТО)...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді...

Аққулар қанат қаққанда (ФОТО)

Қазақстан сарбаздары мен туыстары бір толқында тілдесті...

«Маңғыстау-Ақтөбе» пойызының сапасы сын көтермейді - Жолсеріктер...

  • USD: 417.9 ₸
  • EUR: 503.07 ₸
  • RUB: 5.64 ₸

Маңғыстаудың айбынды ерлері

[ 2018 ] 11 мамыр, 11:02  |  Біле жүріңіз

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиет­терінің ­ қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сон­дай­-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта­-ықыласының ар­қасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзі­нің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Иса Тіленбайұлы және Досан Тәжіұлы батырлар Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру мақ­сатындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша жалпы ұлттық маңызы бар киелі орындар тізіміне енгізілді.

Бұл мақала тәуелсіздігіміздің бастауы болған Алаштың айтулы азама­ты Досан Тәжіұлының Маңғыстау жеріндегі көтерілісін жан-­жақты қарап, ол туралы ел арасына тараған мағлұматтарды жинақтауға арналған. Досан Тәжіұлының болмыс-­бітімі, қайраткерлігі өскелең ұрпаққа ке­рек. Батырдың адамгершілік, әділ-қазылық қасиеттерін, халқының болашағына жаны ашығандық пен ұлтжандылықтың тамаша үлгілерін көрсеткен. Ел арасындағы дау­дамайды шешудегі терең ой толғаулары мен үлкен тебіреністері көрініс берген. Тарихта Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы бастаған ұлт­азаттық көтеріліс шын мәнісінде тек Маңғыстау өлкесін мекендегендердің ғана патшалық режимге қарсы бас көтеруі емес, бұл сонымен қатар бүкіл қазақ қауымының Ресей патшалығының отарлығына қарсы айқасы болатын. Өйткені мұнан кейін Ресей патшалығының отарлық құрығына амалсыздан мойынұсынған бүкіл қазақ ұлысында бұдан әрмен қарай ел болып көтеріліп, зеңбіректі әскермен айқасардай қайрат қалмаған еді. Барлығы да елінің тәуелсіздігі мен халқының тыныштығы үшін қажымай-­талмай күресті. Тәуелсіздік әуелі сол азаматтардың басына түскен еді.

Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы бастаған 1870 жылдың көктемінде, 22 наурызда бұрқ ете түскен Маңғыстау қазақтарының патшалық Ресей отарлаушыларына қарсы ұлт-­азаттық көтерілісі – тари­хи маңызы зор оқиғалардың бірі. ХІХ ғасырдағы патша отарлаушылары­на қарсы көтерілістер ішіндегі ең бір елеулісі болғандығы сөзсіз. Себебі бұл өлке ащы тарихымызға да, тұщы тарихымызға да куә болған, біздің ата­бабаларымыздың  талай  ұрпағының  өмірінде  із  қалдырған мекені.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Майдан үшін еңбек еткен тыл ардагері Таңжар ата

«Досан батыр» – тарихи дастан. Досан хикаясы – ел аузындағы аңыз, әңгіме ғана емес, нақты шындық, болған оқиға. Бұл – патша өкіметінің 1868 жылғы «Уақытша ереже» реформасына қарсы наразылық еді. 1870 жылы Маңғыстауда болған көтеріліс – отаршылық езгіге қарсы, әсіресе салықтың өсуіне және жер, өріс, қонысқа шек қоюға қарсы шыққан стихиялық шаруалар көтерілісі болды. Бұл – Иса, Досан бастаған бұрқаныстар еді. Орыс бодан қылғысы, Адай бостан болғысы келіп жүрген итіс­-тартыс заманда 1868 жылы патшаның Орынбор және Батыс Сібір облыстарын басқару жөніндегі жаңа ережесі шықты. Осы ережемен таныстыруға Оралға екі дистанция бастықтары шақыртылды. Жаңа ере­же бойынша түтін басына 3 сом 50 тиын салық жинау (бұрын 1 сом 30 тиын), жерді мемлекеттік меншік деп тану, елдің көші­қон жерін шектеу, ру-­ру орнына болыс пен ауылдарға бөлу, билеушілерді сайлап қою, паспорт жүйесін енгізу, уездік соттар тағайындау іске асырылатын болды. Уақытша ереже бойынша Орынбор өлкесі енді Орал, Торғай облыста­рына бөлінді. Облыстар уездерге бөлініп, оның бәрін орыс офицерлері мен шенеуіктері басқарды. Тек бұрынғы арақашықтық бастықтарының орнына ғана қазақтардан болыс сайланатын болды. Ішкі Ресейден қоныс аударушыларға жол ашылды. Орыс патшасы қазақ халқын шын мәнінде бодан қылып, орыстың әкімшілік­-территориялық билікті бекітуді нақты қолға алуға кірісті. Бұл шара жалпы қазақтың, оның ішінде Адай елінің арасында да жаппай наразылық тудырды, ал ел билеген орыс, қазақ шенеуіктерінің қысымдары, хиуалық арандатушылар жағдайды тым ушықтырып жіберді. Сөйтіп Досан Тәжіұлы (1835-­1876), Иса Тілебайұлы (1829­-1910) бастаған, тарихта «Досан көтерілісі» деп аталатын бүкіл Адай елінің орыс патшасына қарсы жаппай көтерілуі басталды. Ереже 1868 жылы қазан айында шыққанымен, оны Маңғыстауда бірден енгізу­ге асау Адайдан сескенген патша үкіметі қолайлы кезді күтті. Сол кезең Орта Азияны толық жаулап алу мақсатында Атыраудың оңтүстігі мен Красноводскінің солтүстігінде көптеген әскер түсіріп, Адай елі жан­жақтан сығылған 1869 жылдың аяғында «сәті түсті» деп есептеді. Осы жылы қараша айында сот орындаушысы Рукин барлық Адайдың болыс, би, старшындарын жинап, екі жылдың салығын бір төлеуді талап етті, салық төленбей елдің жайлауға жіберілмейтінін айтты. Кейін келіп сот орында­ ушысына хабарласқан билеушілер халықтың көпшілігі мұндай салық пен қыспаққа қатты наразы екенін мәлімдеді.

Маңғыстау сот орындаушысы Рукин 1870 жылы 15 наурызда ел­ден екі жылдың салығын біржола жинамаққа 40­-тан астам орыс­-қазақ әскерін және 60-­тай Адай билері мен старшындарын ертіп, қару­ жарақтарын 35 түйеге артып жолға шықты. Орыс жасағы Каспий теңізінің Үшауыз деп аталатын құрлықпен астасып жатқан шатқалында кездесті. Досан батыр бастаған көтерілісшілермен болған соғыста орыс әскерлері талқандалып, Рукин өзін­-өзі атты. Алдыңғы күні көтерілісшілер «Орыстар жағындасың» деп бітімге шыққан би Бәймембет Маяұлын өз ағайыны Емен мергенге аттырған еді. Көтеріліс бүкіл Маңғыстау түбегін қамтып, он мың адам атқа мінді, олар Форт­Александровскіні шабуылдап, 18 зеңбірегі бар қамалды ала алмады. Бірақ патша үкіметінің сол маңайдағы көптеген тіректерін, өндірістерін қиратты. Маңғыстаудағы көтеріліс орыс патшасының өзіне дейін жетіп, оны басуға мамыр айында Кавказдан Ап­шерон полкінің бір батальонынің екі ротасы, Дағыстан полкінің төрт рота­сы және Терек казак­-орыстарының төрт зеңбірікпен қаруланған екі-жүздігі кемеден түсе жеткізілді. Патшаның жан­жақтан ағылып келген мұздай қаруланған сансыз солдаты үш жылға созылған (1870­-1873) көтерілісте елді айуандықпен қырып, жойды. Ел жан-­жаққа, Хорезмге, Ауған жеріне бас сауғалап ауып кетті. Олардың ішінде кеткен атақты Қалнияз ақын да шетелде жүріп, туған топырағына қайта орала алмай, бақилық болды.

Көтеріліс басшысы Досан Тәжіұлын 1874 жылы патша үкіметінің еса­уылы Аничкин бастаған жасағы Сам жерінен ұстап әкеліп, жаралы батырды екі жыл қинап, Кетіктің (Форт­-Александровск) түрмесінде азап­тап өлтірді. Мүрдесін Сәттіғұл ақынның әкесі Жанғабыл бастаған елдің білікті абыздары Қаратөбе қорымына жерледі. Рукиннің отряды 15-­21 наурыз аралығындағы бір аптаның ішінде жазғы жайылымға көшіп бара жатқан бірнеше ауылды кейін қайырып, дегендерін жасатты. Бейбіт кетіп бара жатқан ауылдар қарулы отрядқа ешқандай да қарсылық жасаған жоқ. Тек 22 наурыз күні ғана отрядтың маңдайы тасқа соққандай болды. Рукиннің қарулы отрядпен шығып, жүрген жерін бөрліктіріп келе жатқанын естіген Иса, Досан бастаған Адай азаматтары оған қарсы тұруға белді бекем буған-­ды. Рукин отряды оларға 22 наурыз күні ұшырасады (осы күнді көтерілістің басталған күні деп есептеуге болады). Көтерілісшілер отрядты қоршап алып, бұдан әрі өткізбейтіндерін, аман­-есендерін­ де кейін қарай, Фортқа қайтуларын талап етеді. Бірақ отряд олардың талаптарына винтовкадан оқ жаудырумен жауап береді. Бірақ төрт жүздей көтерілісшіден қаймыққан Рукин отряды 23 наурыз күні Қошақ шығанағына дейін шегінеді. Көтерілісішілер отряды біржолата жойып жібермек болып шабуылдауға әрекеттенгенмен, жаңбырша жауған оқ оларды отрядқа жақындатпайды. Келесі 24 наурыз күні Бозашыдан көтерілісшілерге көптеген тың күш келіп қосылды. Көтерілісшілер енді отрядтың Фортқа шегінетін жолын де кесіп тастайды. Амалы құрыған Ру­кин теңізге қарай ығысуға тырысады. Бірақ көтерілісшілер казактардың оқ жаудырғанына қарамастан, отрядты бұл бағытқа да аттатпай қояды. Осы арада қолма­-қол шайқаста көтерілісшілерден бірнеше адам оққа ұшқан, отрядтан бір урядник, екі казак өлген. Отрядты ығыстыра­ығыстыра Үшауыз тар шатқалына әкеліп, айнала қоршап алған. Ат­көліктерін тар­тып алып, түні бойы айнала от жағып, қоршап тұрған. Олар отрядты әбден титықтатып, шығынсыз­ақ қолға түсірмек болды. 25 наурыздың таңы құланиектене бастасымен-­ақ, қолға түсіп пенде болғысы келмеген Рукин көтерілісшілерді келіссөзге шақырып, ат­көліктерін қайырып беріп, аман­-есен Фортқа жіберуін сұрайды. Бірақ көтерілісшілер оған көнбей, отрядқа лап қояды. Төрт күндік шайқастың шешуші сәті де осы болған. Көтерілісшілер Рукинді және 16 әскерді өлтіріп, қалғандарын берілуге мәжбүр еткен...

Көтерілісшілердің жеңіліс тапқанына қарамастан, төрт жыл бойы қаруын тастамай, жазалаушыларға қарсы жанкештілік ұрыс жүргізуі де Маңғыстау адайларының қайтпас қаһармандығын, тәуелсіздік жолында табандылықпен тірескендігін паш етері сөзсіз. Сонау 1870 жылы­ақ орыс патшасының отарлау саясатына жалаң қылышпен қарсы шапқан есіл ер жайлы жас ұрпаққа аз да болса мағлұмат бере алса, жұмыстың діттеген мақсатына жеткені. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жан­ жақты қарастырылған. Онда отандастарымызға береке-­бірлігі мен ынтымағы жарасқан халықтың алмайтын асуы жоқ. Біз мұны туған Отанымыздың гүлденуі жолындағы қажырлы еңбегіміз, ауызбірлігіміз бен тәуелсіздігіміз арқылы дәлелдедік деген мазмұндағы пікірлерді оқуға болады.

Ел тәуелсіздігі үшін күрестегі Иса-­Досан көтерілісінің тарихи маңызы - бұл тарихи мәселеге тың серпін, соны леп қосарына сенеміз. Сондай-ақ Иса мен Досанға арналған монументті ескерткіш кешені дайындалып, Форт­-Шевченко қаласы іргесінде орнатылды.

Дерек көздері:
  • «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Маңғышлақ қазақтары». М.С.Тұрсынова. Қазақ КСР «Наука» баспаханасы, 1977 ж. «Литера» ЖШС. 2015 ж.
  • Республикалық «Ұстаздар» журналы. «Иса-Досан көтерілісіне – 140 жыл» тәрбие сағаты.
  • Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының мұрағат қорының құжаттары.
  • Н.БАБИТАЕВА, «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» «Экскурсия және көпшілік» бөлімінің маманы

    1234
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    біле жүріңіз аудан тынысы рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Қазақстанда 1000 адамның 155-і - зейнеткер

    Келесі жаңалық

    Ораза ұстаған жандар біліп жүретін қажетті мәліметтер

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстаудың айбынды ерлері

      [ 2018 ] 11 мамыр, 11:02
      1235

      Қанға жеріндегі Махтум-баба мешіті

      [ 2018 ] 20 наурыз, 13:39
      1097

      Маңғыстау ауданының құрылуы мен қалыптасуы жайлы не білесіз?

      [ 2018 ] 10 қазан, 07:27
      1236

      "Ақмаржан қала Ақтауым" әнінің шығу тарихы

      [ 2018 ] 10 тамыз, 05:07
      1923

      Маңғыстаудың қасиетті рухани құндылықтары

      [ 2018 ] 9 шілде, 09:02
      967

      1938. Зауал.

      [ 2018 ] 31 мамыр, 09:19
      706

      Рубрикалар

        Спорт Денсаулық Саясат Қарақия Ашық қоғам Ауыл өмірі Редакция анонс Сұхбат Мұнайлы Маңғыстау Жарнама

      Автордың басқа да жазбалары

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      18 ақпан, 10:38
      243

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      17 ақпан, 11:32
      233

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      13 ақпан, 10:46
      828

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      13 ақпан, 09:53
      368

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      12 ақпан, 16:18
      178

      Балықшылар демалыс орны бой көтереді

      11 ақпан, 16:00
      236

      Paragraph

      Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Яндекс.Метрика

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»