Ораза ұстаған жандар біліп жүретін қажетті мәліметтер
[ 2018 ] 16 мамыр, 04:01 | Біле жүріңіз
Ораза кімге парыз?
Мұсылман адамға.
Балиғат жасына толған адамға.
Ақыл-есі сау адамға.
Дені сау адамға.
Сапарға шықпаған адамға. Жолаушыға ораза ұстау парыз емес. Ұстай алмаған күндердін кейін өтеуі тиіс. Бірақ шамам келеді деп ұстаса болады.
Оразаны ұстай алмайтындар
Кәрілік жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандар ұстай алмаған әр күні үшін бір жарлыны тойдыру тиіс.
Хайызбен (етеккір), нифас (босанған әйел) кезіндегі әйелдер ораза ұстай алмайды.
Емізулі және жүкті әйелдер денсаулығына және баласына зиян тиуі ықтималы болса, ораза ұстай алмайды. Кейінірек ұстай алмаған күндерінің қазасын өтейді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Дәрумендер қоймасы: құрманың сүйегін неге лақтыруға болмайды?
Оразаның қазасын өтеу
Бір себептермен ораза ұстай алмаған күндерінің қазасын өтеуі тиіс. Рамазан айынан кейін кез келген уақытта қаза оразасын өтей алады. Оразаның қазасын келесі Рамазанға дейін өтемеу - күнә.
Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы
Ораза ұстауға шамасы келмейтін қариялар, туберкулез, қант диабеті, онкологиялық тектегі созылмалы ауруға шалдыққан жандар оразаның әрбір күні үшін бір кедейді таңертең және кешке тамақтандыру тиіс. Немесе адам бір күнде екі мезгіл тамақтану үшін қанша теңге жұмсалса, сондай мөлшердегі ақшаны жағдай төмен жанға бере алады. Бұлай жасауға шамасы келмесе Алладан кешірім тілейді.
Ораза ұстаушыға рұқсат етілген амалдар
Ораза кезінде шомылуға болады, тек ауыз бен мұрынға су кіріп, тамаққа өтпеуі керек.
Ораза кезінде шаш қидыруға болады.
Ораза кезінде тырнақ алуға, қырынуға болады.
Ораза кезінде түкірік жұтуға болады.
Ораза кезінде гүл, әтір секілді жақсы иістерді иіскеуге болады.
1539
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.