2018 жылдың Амалының төрт жаңасы. Жылдағыдай емес биылғы құттықтаулар еліміздің түкпір-түкпірінен амалдың ақша қарындай жауып жатыр, телеарналар жаңалықтарында, әлеуметтік желілерде мақалдатып, әнмен әрлеп, жаңа жылмен ыстық ықыластарын жолдап жатқан барлық қазақстандық азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ, тіпті кейбіріне жай ғана рахметпен, өзгеден келген суретті сәлемдемелерді лақтырып жатқанымыз да рас. Дегенмен Маңғыстаудай салт-дәстүрі жоғалмай жеткен, Кеңес кезінде де көзіміз көріп, қырықтың бірі Қыдыр деген үмітпен таңғы алтыдан 40 үйдің есігін ашып өскен, біздің жастардай емес, өзге аймақтардан келген құттықтау хаттарында «Амал айты құтты болсын», «Амандасып жататын он үшінде, Әдемі салт бар еді ел ішінде» сияқты әдемі, бірақ шындықтан ауылы аулақ түсініктер де аз емес. Тіпті «ғалымдар» тарапынан да осы түсініктерді тілге тиек еткендер кездесті. Әлі наурыз туып үлгермегендіктен, жаңа ай – Ережептің бір жаңасы 18 наурыздағы жексенбінің кешінде көрінетіндіктен амал-наурыз-мүшел-ай аттары туралы шағын әпсана жолдап отырмын.
Біріншіден, амал – жұлдыздық (нажми) жыл есебі бойынша наурыз айының 14жаңасында енеді. Оның ерекшелігі күн есебін жүргізу таң сібірлеген уақыттан басталады. Ал айттар айналысқа 622 жылы мұхаррам айының тууымен бас талатын, 355 күндік хижра жыл санауына сәйкес кешкі ай туатын уақыттан бастап саналады. Мысалы, тарауық намазы ораза күні алдындағы кешінде оқылады. Амал мен айт – жаралуы да, қолданысқа енуі де өзара қабыспайтын мерекелер.
Амал күні туралы қолда бар тарихи жазба дерек Мезоамерикалық туыстарымыз иңкі, майя, ацтектер бізге жеткен жәдігерліктерінде сақталған. Олардың қашаннан жеткені белгісіз, бірақ киелі қаласы, астанасы Чичен-Ица (астекше. ChichenItzā, юкатанша. Chi’ch'èenÌitsha) біздің дәуіріміздің 455 жылдары шамасында салынды деп есептеледі. Деректі алыстағы құрлықтан алуымыздың себебі Мезоамерика тұрғындары Америкаға бұдан 30 000 – 35 000 жыл бұрын, Беринг мойнағы арқылы Орта Азиядан барғаны мойындалған ғылыми тұжырым. Даусыз дәлел, Америка құрлығын еуропалықтар «ашпастан» бұрын қалыптасқан, түркі мәдениетінің ежелгі үлгісі – Майя тілі. Оның зерттеушісі Ю.В.Кнорозов сөздігінде: Оочас; Ба - балық; Аақ – ақ; Қош – құс; Ик– екі; Мол – мол; Шашақ – шашақты; Мұлұқ - молшылық; Йаш – жас, көк; Күн – күн; Іш – іш, құрсақ; Оч – үш; Куул – қол; Чаб - шап, шауып түсір; Чукул – шұқы, кес; уат – уат, ұсақта; Ахчы – аңшы сияқты біз үшін дыбыстық ұғымдық түсінікті, адам тіршілігінің басты ұғымдарындағы тұтастық, туыстығымызды әйгілейді. Сол сияқты су реттегі (қара. Сурет 1). Бес қонақ бастаған алтын күмбезді, «Күн» таңбасы ерекшеленген жаңа күн (А.14), бастаушы – «Қошқар мүйізді» сары киімді, яғни жылу шашып келе жатқан «Наурыз» (1.4.), оған ілескен 14 күні (10+3+1) басталған үш ай көктем (1.3.), одан соңғы (1.2.) жаз, күз және ақ киімді қыс, соңғысы (А.1.) Жаңа жыл. 1.Б. суретте осы көріністің иероглифтік жазбасы берілген: Ескі жыл (Б.1.). 14-інде (қос сызық + 4 ноқат) басталатын көктем (Б.2.), жазкүзқыс науқандары (Б.3,4,5.) және құндақтағы Жаңа жыл (Б.6.). Сонымен наурыз айының 14 жаңасында амал енеді.
Ұланғайыр түркі жұртының көрісу амалында қары шаңыраққа қиырдан жетуге тиіс ұрпақтардың өзара қол алысып, құшақтасып жүздесуі үшін үш күн берілген, яғни 14, 15, 16 наурыз күндер і– көрісу амалы. Осы арада 13 наурызда, яғни өтер жылдың соңғы күні, қандай амал жасалуы қажет деген сауал туады. Әрине, бұл күн – ескі жылдан жаңа жылға өтетін шек, «үлкен үйден» жиынға келушілерге қонақ асы беріліп, өткен ата-бабаларды еске алу жүреді. Бұл амал – ислам әдебінің Аллаға құрбандық атау дәстүрінде болмаған, бірақ ораза айты мен құрбан айты алдында, жыл ішінде о дүниелік болған жаны бар, әрбір қазақ шаңырағында жасалатын «шектік», өткен жылғы жетістігі мен жеңілістері үшін баба рухына толық есеп беріп, жаңа жасқа рухани-тұрмыстық қарызсыз өту амалы.
Бес континенттің еуроазиядан оқшау бөлігінде отау көтеріп, ата жұрты түркі мәдениеті мен өркениетінің тілі мен ділін тасқа қашап кеткен Майя өркениеті 1519 жылы жаңа құрлыққа конкистадорлар келуі мен тоналды, талқандалды, дегенмен тас тарих таңбалары тау басындағы қалың жыныс ағаштар тасасында сақталып бүгінге жетіп, әлемдік мәдениетке үлес қосуда.
Осы орайда, «Көрісу» әдебін, қазір күнде қол алысып, бет жаласып жүрген жастар да, жасамыстар да шала түсінетін сияқты. Көрісуден басталған Ұлы Дала мәдениеті, ары қарай жалғасын таппай үзіледі. Шындығында көрісу және қол алысып көрісу– көшпелі дала тұрмысының бірегей гигиеналық ұстанымы. 1. Қазақ амалда көріс кеннен кейін, келесі амалға дейін ешкіммен қолдасып сәлемдеспейді. Бұл – ұзақ күн жуыну мүмкін болмағандықтан танысын, танымасын кездескен өзге жанның қолын ластамау, ауру таратпау немесе ауру жұқтырмау амалы. 2. Қазақта айдалада сирек келетін құдайы қонаққа ұсынылатын ас оның көзіне көрсетіліп «дәмін татып» беріледі. Бұл – міндетті тағамның тазалығына қонақтың көзін жеткізу амалы. Уланудан, уландырудан сақтанудың екінші амалы – ас құюға алтын, күміс ыдыстар пайдалану. Олар ас құрамында қандай у болса да, тез қарайып ескерте алады. Сондықтан улы (бұзылған) деп күмәнданатын тағамдарды пісіру кезінде қазанға алтын, күміс теңге салу арқылы тексереді. 3. Тән (қол) тазалығы әрбір дастарханға отырар алдында міндетті қолға су құю және жуу, ортақ сүлгі пайдаланбай, қолды құрғату арқылы ас алумен ерекшеленеді. Бесбармақ жеу кезінде, әркім асты табақтың өз тұсына сай бөлігінен ғана алады, қолға алынатын тағам терілмейді, ұсталған тағам қайта табаққа салынбайды. Ер бала құман мен шылапшынды көтеруге күші жеткеннен бастап қолға су құю әдебіне дағдыландырылады. Олар: қолға шымшым батарлық жылытылған су құю, дұрысы, үйге енген қонақты қолға су құйып қарсы алу немесе отырғандардың жасына қарамастан оң жақ шеттен бастап құю, құюды құманның тұтқасы мен шүмегінен екі қолмен ұстап, суды алақан толатындай етіп қана, шашыратпай, ысырап қылмай үзіп құю. Бірнеше табақ тартылған кезде, астан кейін қол шаю үшін суды үлкен (бас) табақтан бастап әуелі ас қайырған адамға, содан соң сол табақта болғандардың бәріне су құйып барып, келесі табаққа өту, қол жуғандарға майлық ұсыну, шайындыны аяқ баспайтын жерге төгу. Бұлар – «Амал» деп аты әйгілеп тұрған тұрмыс салттары.
Келесі мәселе – «Амал» және «Наурыз» сөздерінің этимологиясы, яғни шығу төркіні. Кеңес үкіметінің кезінде білім алғандарға, қазақ 1917 жылға дейін жазусызудан мақұрым болды, олардың көзін ашқан коммунистік партия мен кеңес үкіметінің насихаты өтіп кеткені соншалық, қазіргі қарттарымыздың өзі осы сияқты келелі сөздерді не арабтан, не парсыдан алдық дей салуға құмар және оны біліктілік санайды.
Сәл ғана тарих бастауына үңіліп қөрелік. Иә, парсылардың ислам дінінің шығысқа таралуы барысында аралық нүкте болғаны рас. Нишапур, Исфахан, Хамадан қалалары ислам ілімін таратудың ірі діни орталықтары болған, бұл қалалар қазақ ауыз әдебиетінде де баршылық. Дегенмен көршілес парсы, түркі елдерінің өзара қарым қатынасы ислам дінінен 530 мың жыл әріден желі тартады. Б.з.д. бірінші мың жылдықтарда орта және Кіші Азияда бауырлас Тұрандықтар мен Арьялар (АрИе.ММА) арасында болған қақтығыстар – парсылық «Авеста» жырының өзегі. Авестаға дейінгі парсылық зардош (заратуштра) дінінің негізін салушы Зороастрдың тегі түркі, әлемдік ғылымда оның туған, өсіп-білім алған ортасы Каспий мен Аралдың терістігі делінеді. Олай болса парсы, түркі тілдері ежелден өзара түсінікті ортақ тілден таралғаны ғой. Парсы тарихында, бұдан 45 мың жыл бұрын қос өзен мен Кавказ арасын мекендеген Арийлер Тұрандықтарды Ұлы Далаға ығыстырды делінгенімен, кейбір тарихи деректер ежелгі малшы Тұрандықтардың жайылым үшін далаға қайта оралғанын жеткізеді. Бұл үдеріс тарихта «Арбалы қоныс аудару» деп аталады. Сол заманның жәдігері Бәйті қазба қорғаны қабырғасындағы қос түйе немесе қос ат жегілетін арба және ұзындығы арбадан екі есе артық айдаһар петроглифі (Сурет.2.). Келесі арғықазақтардың (скиф, сақ) Ұлы даладан Кіші Азия мен Үндістанды толық жаулап алған, «Атты қоныс аудару» деп аталған жорығы б.з.д. VІІVІ ғасырларда өтті. Басты есте болатын мәселе – араб, парсы, үнді жеріндегі түркі тілді иеліктің ислам таралуынан, яғни араб тілі әсерінен және парсылардың өркендеу дәуіріндегі Кирдің (б.з.д. 531-528 жж) және Дарийдің (б.з.д. 522-486) Орта Азияға қысқа және абыройсыз, яғни парсы тілінің түркілерге әсері бола алмайтындай жорықтарынан әлдеқайда бұрын және ұзақ болғандығы. Тіл және сөз төркінін саралауда, Арий, Арья атауларының санскрит бойынша мағынасы «Ар – ізгі, бекзат» болса, арғы қазақтан бүгінге дейін «Ар – арнамыс, абырой» түп негізі – түркілік сөз. Арья, Асия ұғымдарының екінші буын праформасы – Ие, Елі – ол да таза түркілік таным. Тоқетері, амал және наурыз атауларының Орта және Кіші Азияда қолданысқа ену уақыты берісі б.з.д. V–ІV мыңжылдықтарда-ақ тілімізде тұрақты болған түркілік сөз жасам ұғымдары. Ойланып қараңдаршы, «Хамал» – атауы, «[Х] немесе [Һ]» дыбысын алып тастағанда әрекет көрсеткіші бола ала ма, жоқ! Ал «Амал» нағыз әрекет – математикадағы амалдар сияқты ескі жылды шығарып салу, қара шаңырақта кездесу және көрісу амалы, бес қонақтың мінез-құлқына қарай ауа райы өзгерістерінің 40 амалын бақылап, алдағы шаруашылық жүргізу ерекшеліктерін болжау амалы, наурыздан басталатын көктемедегі көші-қон жолдары мен мал суару, ауызсу алу, көшу уақыты мен жолдарын келісу амалы. Серікбол Қондыбай наурыз тойы парсылық дей отырып: «Бiрiншiсі – «наурыз» сөзiн бiлмей тұрған кезде де (яғни иран, парсысыз-ақ та) арғы қазақтардың көктемгi күн мен түн теңесуi жөнiнде бiлгендiгi.Екiншiсі – қазақтар наурыз тойын атамай тұрған замандарда да, басқа бiр мерзiмге сәйкес келетiн «Ұлыстың ұлы күнi» сияқты тiркестің болғандығы» деп жазады (Толық шығармалар жинағы. 10-том. Арғы қазақ мифологиясы. 2-кітап. 402-бет). Наурыз салт-дәстүр ретінде парсыларда молырақ сақталған болар. Көрнекті парсы-тәжік ақыны, математик, астроном, философ биылға 18 наурызда 970 жылдық мерейтойы болатын Омар Һайям, Ғийасәд-Дин Әбу-л-Фатх Омар ибн Ибраһим әл-һайям (18 наурыз 1048, Нишапур – 4 желтоқсан 1122 (1112/1131), Мерв) – «Наурызнама» (1095 – 98 ж., яғни беріде) атты еңбек жазған. Омар Һайам жетекшілік еткен парсы математиктері жасақтап, селжүк сұлтаны Мәлік-шах 1079 ж. енгізген жыл санау күн мен түннің теңесетін, наурыздан басталатын 365 күндік, Nowrūz-emalekī, Nowrūz-esolṭānīили Nowrūz- eḤamal деп аталады. Осы жыл санау қазірде қолданыста. Оған дейін парсылар ежелгі үнді және бабылдар қолданған екі айдан тұратын алты маусымға есептелген 354-355 күндік ай есебін пайдаланды. Оны күн мен түн теңесетін уақытқа сәйкестендіру үшін алты жылда бір рет он үшінші ай енгізіліп отырды, яғни нағыз наурыз 6 жылда бір келетін еді. Ал, енді наурыздың парсыға тәуелсіз қазақша мағынасына келсек, «Нау» буыны, Серікболша айтсақ сөз түзу іргетасы (праформасы) – дей-түркілік, арғы қазақтан келе жатқан [нау-қан], [нау-ша] сияқты мезгілдік «Жаңару, жасару» ұғымдарында сақталған. Ал [рыз - ырыс] – ұлыстың ұлы күнін, яғни әр пенденің жаңа күннен (жылдан) күтетін және тілейтін «ырыс пен бағының» жаңару, жасару уақытын белгілейді. Олай болса, амал да, наурыз да төл ұғымымыз деп айта аламыз, тілді өзгеден алу, үйрену үшін дүниеге немесе тарих сахнасына сол мықты елден кейін шығу қажет. Шәкәрім қажы «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегінде: «Мұның хан болғанын (Оғуз. ММА) мұсылманша шежіре кітапта да біздің пайғамбарлардан 3400 жыл бұрын дейді. Бұл Оғуз мықты хан болды, жер жүзінің талай жерін алған хан еді» дейді (46-бет). Шапқыншы алған жерлерінде өз тілін жүргізетіні ақиқат. Өз қазағымыздың айналасы 70 жылда орыс тіліне өтіп кету мысалы да соның айғағы. Алладан пайғамбарларға түсті делінетін сухуфтар (орамалар) мен Таурат, Забур, Інжіл және Құрандағы Адам ата атауын, оның [Адам] сөз тамырын, түркілерден асып пайдаланатын бірде бір миллет жоқ. Бірақ арабтар да, парсылар да, яһудилер мен христиандар да оны түркілерден алдық деп айтпайды.
«Мүшел» туралы
Егер жыл санауды оның бір айналысының ұзақтығына қарай бағалайтын болсақ, бірін- ші орында Майа туыстармыздың жыл санау циклі – 4976 жылдан тұрады. Екінші орында – 360 жылдық өзіміздің Далалық Мүшел жыл санауымыз. Бұл туралы Мұхтар Әуезов: «Жыл аттары хайуан аттарымен аталуы, әрине, арғы көне замандарда мәдениетті болған елдің табысы. Жыл аттарында қалаулы-қалаусыздық, ұнамды-ұнамсыздық нышандары жоқ, ғылым ғана табар, ғылым ғана белгілер принцип бар. Ол принцип оңай шатастырып әкетпеуді ескеріп, жыл аттарын бір адал, бір харам хайуанның аттарымен кезектестіріп алынған.
1.Тышқан, 2.Сиыр, 3 Барыс, 4.Қоян, 5.Ұлу, 6.Жылқы, 7.Жылан, 8.Қой, 9. Мешін, 10.Тауық, 11.Ит, 12.Доңыз.
Ұлу – дракон, Мешін – маймыл. Хайуан аттарымен аталатын жыл аттарының дұрысы осы: Қазақ және тағы басқа біраз халықтар жыл қайыруында жыл аттарының қалай құрылған негізгі принципі бұзылып кеткен: екі адал жылқы мен қой қатар тұрып алған. Мұны Шоқан да байқамаған.» деп жазады (Ғ.Мүсірепов. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: «ҚАЗақпарат», 2012–1120 бет. 102-бетте). Арғы қазақ мүшелі ұстанымы жан-жануарды еркек-ұрғашы тәртібімен жұптау. Бұл – тіршілік жалғасуының басты шарты. Осы ұстанымды ежелгі қазақ шипагерлері де қатаң қолданған. Тастың өзін ұрғашы - еркек деп айырып, әйелдерге – еркек бастамалы шөптер мен жан-жануарлар тәні мен мүшелерінен дайындалған ем, еркектерге – әйел бастамалы ем тағайындаған.
Ал Шәкәрім қажы: «Түріктер ескі заманда будда, христиан, зәрдәшт діні сықылды әртүрлі дінге кірсе де (көрші немесе аралас орын тебу ерекшеліктеріне қарай, халықтың бір бөлігі ғана. ММА), онан да бұрын өздерінің бір түрлі діні болған, оның анығы білінбесе де, ескі замандағы қытайлар сықылданып, жер, ағаш, темір, от, су сол бес нәрсені құрметтеген екен, жыл есептегенде де сол бес нәрсені 12 хайуан атына қосып, 60 жылдық есептері болған. Мысалы, тышқан темір жылы, барыс темір жылы дегендей және бұл түрік жұрты бұрынғы ескі ғұрыптарын осы уақытқа шейін қоймаған.» (15-бетте).
Мүшелдің Шәкәрім қажы көрсеткен бес тылсымы 1.Ә.суреттегі бес түске сәйкес келеді: жер – қара, ағаш – көк-жасыл, темір – қызыл, от – сары, су – ақ;
Осы бес түс, арғы қазақтан бері киіз үйдің іші тысын безендіретін басты үш түспен (көк, қызыл, сары) және қара немесе ақ төсем түрінде өмірімізді көркемдеп келеді (Сурет 3.). Ең қарапайымы ақ-қара, тұрмыста қара ала аталатын алаша.
Шығыс (Қытай, Жапон) сакральды жыл санаулары 10 жылдан кіндігі Жер немесе ғаламдық ось – темірқазық арқылы немесе Күн-Жер арқылы өтетін кеңістік 5 тылсымға, еуропалықтар батыс-шығыс, түстік-терістік жазықтық бағдарлануға негізделген 4 тылсымға шақтап жылдық-айлық жұлдызнамалық жорамалдар жасайды. Біздің жыл санауымыз бойынша жорамал жасау үш тылсымның өзара әсеріне 71 жылдық, 12 жылдық және жылдық түсті, жылдың ұрғашы еркектік бастамасын және Жыл Иесі жануардың мінез-құлқын ескере отырып жасалады. Ал жеке айларға жасалатын жорамал осыларға қоса Айгөлектегі ай қонақтайтын жұлдыз шоғырын ескереді. Басты тылсымдар әсері: қара – қара жердей төзімділік, салмақты-сабырлылық, көк – ауадай ұйтқымалалық, қызыл – оттай қызуқандылық, ақ – мұздай салқындық береді деп саналады. Ал еркек бастамалы жыл – қара дүрсін, мінезсіз, шапшаңдық берсе, ұрғашы бастамалы жылда – барша жаһанға кешірімшілдік, қамқорлық, төлшілдік, сүттілік (ырыстылық), ана жылуы қуаты иелік етеді деп саналады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Амалмен бірге Жаңаөзеннің 50 жылдығын тойлау басталдыОсы ұстанымдар сәбидің бойға біткен кездегі (қарапайым түрі туған күнінен тоғыз ай шегеру арқылы анықталатын) тылсымдар тобы мен күн, ай, жыл мерзіміне байланыс- ты пенде тағдырын, мінез-құлқын, өмірлік ұстанымдарын айқындайды және әрбір пенде табиғатпен үндес тірлік ету үшін өзі жаралған кездегі түстерге сәйкес киімдер, асыл заттармен тастар түсін таңдаса, олардың қамқорлығында болады деп есептеледі.
Ай аттары, Маңғыстау есепшісі Қынай (Қанай) Мәмбетжанұлының араб зерімен жазған 1907 жылға арналған күнтізбесінде: март – амал, апрель – сәуір, май – зауза, июнь – саратан, июль – әсет, август – сүмбіле, сентябрь – мизан, октябрь – ақыраб, ноябрь – қауыс, декабрь – жеді, январь – дәлу, февраль – үт, – деп жазылған.
Түркілер «Жазмыштан – озмыш жоқ» дегенде жоғарыдағы сәйкестіктерге қоса есім таңдаудың аса маңыздылығын алға тартады. Жоғарыда айтылғандарды ескере оты- рып, әрбір адам өзіне дейін өткен дәл 12 жыл бұрынғы, 60 жыл бұрынғы, 360 жыл бұрынғы ұлы адамдардың өмірнамасымен танысу арқылы, оларға еліктеу жоғары жетістіктерге жеткізетіндігін білгені жөн.
Биылғы еркек бастамалы ит жылы концентрлі үш шеңбердің кіндігінде орналасады: сыртқы 360 жылдық үлкен қара шеңбер, орталық сары шеңбер және ішкі сары шеңбер. Олай болса, биылғы жыл, адамзаттың дүние-ғұмырды сыртқы төзімділік пен сабырлылық қорғаны ішінде, табиғат пен жан иелерін екі еселенген жылу шуағымен қуаттандырып, адамның жеті қазынасының бірі иттің адамға адалдығындай өзара сыйластықта, құрметтеуде, әділет пен адамгершілік тұғырында базарлы да берекетті өткізуіне қолайлы жағдай жылы болады деп үміттенеміз.
Амалдарың оң, жылдарың құтты, өмірлерің өрнекті, табыстарың көрнекті болсын, ардақты ағайындар!
Мұрат АҚМЫРЗАЕВ, тарихшы-этнограф