Баутин ауылындағы мектепке спорттық оқу корпусы қайта құрылып, жапсарласып салынады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түпқараған ауданының әкімі Рахат Тезекбайұлы Баутин ауылында орналасқан А.М.Горький атындағы мектебінің қазіргі жағдайымен танысты. Аталған білім ордасында 200 оқушыға арналған мектеп-лицейдің спорттық оқу корпусын қайта құру және жапсарлас салу жұмыстары жүргізіледі.
Мердігер мекеме «АС Құрылыс» ЖШС спорт залдың құрылысын жүргізбек. Осы орайда мектеп директоры Жарасхан Ниязбаева мектептің қазіргі жай-күйін баяндап, құрылыс жұмыстарындағы мәселелерге тоқталды.
Аудан басшысы аталған құрылыс жұмыстары бойынша кейбір мәселелерді пысықтау мақсатында жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктеді.