Баутин ауылының тұрғыны Түпқараған ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз Гүлсім Рамашева аудан тұрғындарынан қалыспай дауыс берді.
– Бүгін біздер үшін маңызды күн. Бұл күн еліміздің болашағын айқындайды. Бұған дейінгі сайлаулардан да еш қалып көрген жоқпын. Меніңше, әр тұрғын мұндай жауапты кезде бейжайлық танытпауы тиіс. Бүгін балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім. Бастысы, елімізде тыныштық, соның құнын білуіміз тиіс. Сол үшін ойланып, саралап, өлшеп, екшеп, ел болашағы үшін таңдау жасадым, – дейді Г. Рамашева.