- Мен бүгінгі сайлауда өз таңдауымды жасадым. Бұл сайлау - ерекше сайлау, себебі, алғаш рет 7 жылға ел Президентін сайламақпыз. Сайлауалды жұмыстардың өзінен көп өзгерістер байқалды.Мәселен, сайлау алдында ашықтық, қолжетімділік билік құрумен қатар, барлық кездесулер агитациялық сипатта өтті. Жылдан жылға азаматтардың көзқарасы өзгеріп келеді. Әсіресе, бұрын көпшілік сайлауға бара бермейтін. Ал, қазір әрбір азамат отбасымен сайлауға міндетті түрде қатысып, өз таңдауын жасап, өзгерістерге үлес қосуда.
Жалпы, өз басым бұл сайлаудан көп өзгеріс күтемін. Адалдық пен парасаттылық, ел сенімі деген құндылықтар мен үшін бірінші орында тұрады. Сайлауға түсіп жатқан үміткерлердің қоғамда беделді, өзіндік айтары бар, өз пікірі қалыптасқан азаматтар. Негізінен әр кандидат адал, парасатты, әділ болса болды. Сайлаудың жоғары деңгейде өтуіне тілектеспін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлік пен татулықта өмір сүрейік! – дейді «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің,«Ы.Алтынсарин» медалінің , Біліктілік арттыру жүйесіндегі ынталы, белсенді, сапалы қызметі үшін «Үздік қызметкері» медалінің , «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері Әліпбаева Бибінұр Саттарқызы.
Казіргі таңда Маңғыстау облыстық білім басқармасы жанындағы ардагер ұстаздар кеңесінің мүшесі.