Апталық аясында Форт-Шевченко қаласындағы теңіз жағалауында «Салауатты өмір салтын ұстан» шарасы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фестивальге аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары, білім беру ұйымдары және мектеп оқушылары қатысты.
Жыл сайын ұйымдастырылатын денсаулық фестивалінің мақсаты – халықтың денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, ұлт саулығын нығайту, халықтың өмір жасын ұзарту, тұрғындарды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту арқылы аурудың алдын алудың негізгі салауаттық екендігін жеткізу.
Шара ұлдар мен қыздар арасында кросстан аудандық жарыспен басталды. Әрі қарай таңғы жаттығумен жалғасты.
Жиынға қатысқан барша тұрғындв Форт-Шевченко қаласының әкімі Бауыржан Молдабеков құттықтап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды және кросс жарысының жеңімпаздарын арнайы медаль, дипломмен марапаттады.