Бұл туралы Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сағым Жасұлан мәлім етті.
Аталған жобаны «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грантты жас кәсіпкер Еділов Ырысқали жеңіп алды. Бүгінде қосымша Форт-Шевченко қаласының тұрғындарына қызмет көрсетіп бастады. Мобильдік қосымшаны осы уақытка дейін 3 157 адам жүктеп алса, тамыз айынан бастап 4 012 тапсырыс орындаған.
«10 жұмыс күні ішінде 1 100 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жобаның болашақ жоспарында тек ауылішілік емес, сонымен қоса қалааралық бағыттағы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру көзделген. «Aqkettik» мобильді такси қосымшасын Play Маркет және App Store интернет магазинінен жүктей аласыздар», Сағым Жасұлан.