Қарақия ауданында ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Мұнайшы ауылындағы ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ал ауылға жоба бойынша 2.8 шақырым жолға жөндеу жұмыстары көзделіп отыр.
Сонымен қатар, ауданға қарасты ауылдарда жолды жөндеу жұмыстары жүргізілетіні ресми хабарланды. Оның ішінде Бостан ауылдық округіне 1,7 шақырым, Құрық ауылына 2,5 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаспақ.
Сондай-ақ, Мұнайшы ауылына 5 шақырымды құрайтын жаңа жолдың құрылысы биыл аяқталады деп күтіліп отыр.
Ел игілігі үшін жасалып жатырған жұмыстар, «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда.